✨ Бүгін мектебімізде аудандық семинар жоғары деңгейде ұйымдастырылып өтті.
📌 Тақырыбы: «Мұғалімнің жұмысында жасанды интеллект: практикалық құралдар және нақты кейстер»
🎯 Семинардың мақсаты – білім беру үдерісінде жасанды интеллект мүмкіндіктерін тиімді пайдалану жолдарын көрсету, практикалық құралдармен таныстыру, мұғалімдердің цифрлық құзыреттілігін арттыру және нақты тәжірибелер арқылы заманауи оқыту тәсілдерін насихаттау.
Семинар барысында қатысушылар жасанды интеллекттің сабақ жоспарлауда, тапсырма құрастыруда, оқушылардың білімін саралауда және уақытты тиімді ұйымдастыруда беретін мүмкіндіктерімен танысты. Нақты кейстер мен тәжірибелік жұмыстар арқылы әр педагог өз жұмысына қажетті тың идеялар алды.
💻 Мектебіміздің информатика пәні мұғалімі,Серікұлы Б «Жасанды интеллект және цифрлық қоғам»тақырыбында және
орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері,Ерханова Л.К.,Нагашбай А.Т «Нейросети в работе учителя-словесника: помощник или вызов профессии?»,ағылшын тілі пәні мұғалімдері, Ергалиева А.К.,Лескенов Ы.И. «Ағылшын тілі сабағында оқушылардың қызығушылығын арттыруда ЖИ құралдарын пайдалану»тақырыбында өз іс-тәжірибелерімен бөлісіп, ЖИ құралдарын сабақ барысында қолданудың тиімді жолдарын көрсетті. Әріптестеріміздің кәсіби шеберлігі мен жаңашылдығы қатысушылар тарапынан жоғары бағаланды.
🤝 Осындай мазмұнды кездесулер – тәжірибе алмасудың, кәсіби дамудың және білім сапасын арттырудың нақты қадамы.
