Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Бейімбет Майлин ауданы білім бөлімінің
№ 2 Тобыл жалпы білім беретін мектебі» КММ
КГУ «Тобольская общеобразовательная школа №2 отдела образования района Беимбета Майлина» Управления образования акимата Костанайской области
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Бейімбет Майлин ауданы білім бөлімінің
№ 2 Тобыл жалпы білім беретін мектебі» КММ
КГУ «Тобольская общеобразовательная школа №2 отдела образования района Беимбета Майлина» Управления образования акимата Костанайской области
📱Балаларға төтенше жағдайда көмекке қайда жүгіну керектігін білу маңызды. Тәулік бойы жұмыс істейтін және кез келген уақытта көмекке келуге дайын жедел қызмет нөмірлерін есте сақтаңыз
📱В экстренной ситуации детям важно знать, куда обращаться за помощью. Запомните или сохраните номера экстренных служб, которые работают круглосуточно и готовы прийти на помощь в любое время
🏫 «Келешек мектептері»: 800-ге жуық ауыл мұғалімі біліктілікті арттыру курсынан өтті
🔖 ҚР Оқу-ағарту министрлігінің «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін арттыру бойынша жүйелі жұмыс жүргізуде.
📊 Курс LMS платформасы арқылы жүзеге асырылды. Платформада қажетті оқу ресурстары мен диагностикалық тапсырмалар қамтылған. Оқу үдерісі 11 пән бойынша ұйымдастырылып, педагогтерге өз пәні бойынша заманауи әдістер мен оқу мазмұнын тиімді меңгерді.
🏫 «Келешек мектептері» жобасы – жоғары сапалы білім беру стандарттарын жаппай енгізу арқылы, әр баланың жан-жақты дамуына және өз әлеуетін толық ашуға теңдей мүмкіндіктер жасалуда
🏫 Реализация проекта «Келешек мектептері» ориентирована на массовое внедрение высоких стандартов качества образования, что позволит каждому ребенку получить возможности для полноценного развития и раскрытия своего внутренного потенциала
Мектебіміздегі жазғы лагерь өз жұмысын бастап, балаларға көтеріңкі көңіл күй мен қызықты демалыс сыйлауда. Лагерьдің негізгі мақсаты – балалардың жазғы демалысын тиімді әрі мазмұнды өткізу, шығармашылық қабілеттерін дамыту және салауатты өмір салтын қалыптастыру. Сонымен қатар, лагерь барысында түрлі спорттық жарыстар, мәдени-танымдық іс-шаралар, шығармашылық үйірмелер мен табиғатқа серуендер ұйымдастырылады. Мұның барлығы балалардың жан-жақты дамуына, достар табуына және жақсы әсер алуына ықпал етеді.
🟦1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай еліміздің барлық өңірінен келген оқушылар Ақордада қонақ болды.
🟦Қазақстан Республикасы Президентінің резиденциясына оқу үздіктері, пән олимпиадаларының, республикалық және халықаралық байқаулардың жеңімпаздары, спорт сайыстарының жүлдегерлері, батыл әрекетімен көзге түскен балалар келді. Ақорданың кішкентай қонақтарының қатарында көпбалалы отбасылардан шыққан, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған және ерекше қажеттілігі бар жеткіншектер де болды.
🟦Экскурсия кезінде оқушылар Ақорданың орталық салтанатты холы мен ресми қабылдаулар өткізуге арналған залдарды, Мемлекет басшысының кітапханасын, сондай-ақ резиденция аумағындағы бақты аралады.
🟦Экскурсоводтар ғимарат құрылысының тарихы, оның ерекшеліктері мен мұнда өтетін іс-шараларға байланысты қызықты фактілер жайында мәлімет берді.
🎁 Сонымен қатар оқушыларға Президент атынан естелік сыйлықтар табысталды.
🟦Өңірлерден келген балалар елорданың көрікті орындарын да аралайды.
🟦Биыл Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған іс-шаралар алгоритмі «Қазақстан балалары» бірыңғай тұжырымдамасына сай түзілді. 22 мамырдан басталып 1 маусымға дейін жалғасатын онкүндік аясында отбасы, қауіпсіздік, денсаулық, білім беру, бала құқығын қорғау секілді маңызды мәселелерге баса назар аударылды.
🟦Ел аумағында отбасылық, ағартушылық, қайырымдылық бағыттарындағы рәсімдер, көрмелер, спорттық турнирлер, экологиялық акциялар, дәрігерлер мен психологтардың қабылдаулары ұйымдастырылды. Декаданың бір күні цифрлық технологияларды ілгерілетуге және цифрлық ортада балаларды қорғауға арналды.
– Балаларды қорғау күні құтты болсын! Жас ұрпаққа тағылымды тәрбие, сапалы білім беріп, олардың бойына асыл қасиеттерді сіңіру – баршаға ортақ парыз. Мемлекет балалардың жан-жақты дамуына барлық жағдайды жасай береді. Әрбір бүлдіршіннің балалық шағы бақытты, болашағы баянды болсын! – деп жазды Президент Х әлеуметтік желідегі өзінің парақшасында.
Глава государства Касым-Жомарт Токаев поздравил с Днем защиты детей
– Поздравляю с Днем защиты детей! Воспитать подрастающее поколение, дать ему лучшие знания и привить высокие моральные качества – наш общий долг. Государство создает все условия для всестороннего развития детей. Желаю каждому ребенку счастливого детства и светлого будущего! – написал Президент на своей странице в социальной сети Х.