ВКЛ / ВЫКЛ: ИЗОБРАЖЕНИЯ: ШРИФТ: A A A ФОН: Ц Ц Ц Ц
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Бейімбет Майлин ауданы білім бөлімінің

№ 2 Тобыл жалпы білім беретін мектебі» КММ
КГУ «Тобольская общеобразовательная школа №2 отдела образования района Беимбета Майлина» Управления образования акимата Костанайской области

п. Тобол, ул. Бейбітшілік, 73
8 (71436) 2-13-91
tshkz2@mailin-roo.edu.kz

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Бейімбет Майлин ауданы білім бөлімінің

№ 2 Тобыл жалпы білім беретін мектебі» КММ
КГУ «Тобольская общеобразовательная школа №2 отдела образования района Беимбета Майлина» Управления образования акимата Костанайской области

МЕНЮ

Мы рады вас видеть на официальном сайте нашей школы!

Сайт адресован всем, кому интересно знать, чем живет наше
образовательное учреждение.

Перейти в раздел
24
апреля
2026

7 сәуір – Дүниежүзілік денсаулық күніне орай 🗓️💚 мектебімізде 2-сынып оқушыларымен сынып сағаты өткізілді.

Сынып сағаттарының мақсаты – оқушыларға денсаулықтың маңыздылығын түсіндіру 🧠, салауатты өмір салтын қалыптастыру 🏃‍♀️, дұрыс тамақтану 🥗, жеке бас гигиенасы 🧼 және зиянды әдеттердің алдын алу 🚭 туралы ақпарат беру.

WhatsApp Image 2026 04 24 at 10.11.24

24
апреля
2026

🤝 “Наурызнама – Ынтымақ күні” 🤝

Мектебімізде Наурыз мерекесіне орай ұйымдастырылған “Наурызнама” аясында Ынтымақ күні ерекше мазмұнда аталып өтті.

Бұл күннің басты мақсаты – оқушылар арасында достықты, бірлікті, өзара сыйластықты нығайту, көпұлтты еліміздің татулығын дәріптеу болды.

Іс-шара барысында әр ұлттың мәдениеті таныстырылып, оқушылар ұлттық киімдер киіп, түрлі халықтардың салт-дәстүрлері мен өнерін паш етті. Ән мен би, ұлттық ойындар арқылы достық пен татулықтың маңызы кеңінен насихатталды.

Шара барысында оқушылар бірлік пен ынтымақтың құндылығын терең түсініп, “Бірлік бар жерде – тірлік бар” екенін тағы бір дәлелдеді.

✨ Ынтымақ – елдің тірегі, татулық – халықтың жүрегі. Осындай игі шаралар жас ұрпақты бірлікке, сыйластыққа тәрбиелейді.

🌿 Баршаңызды Наурыз мерекесімен құттықтаймыз! Еліміз аман, жұртымыз тыныш, бірлігіміз бекем болсын!WhatsApp Image 2026 04 24 at 12.51.47

24
апреля
2026

«Даналық мектебі» жобасы аясында мектебімізде тағылымы мол, тәрбиелік мәні жоғары кездесу ұйымдастырылды. Іс-шара барысында әкелер, аталар, әжелер мен жеңгелер тобы бас қосып, оқушылармен еркін әңгіме жүргізді.
Кездесу барысында үлкендер өздерінің өмірлік тәжірибелерімен бөлісіп, жас ұрпаққа ақыл-кеңестерін айтты. Олар бала тәрбиесі, үлкенді құрметтеу, ата-ананы қадірлеу, еңбекқорлық пен адалдық сияқты адамгершілік құндылықтар туралы тағылымды ойларын жеткізді. Әсіресе ата-әжелер ұлттық салт-дәстүрлердің маңызын айтып, өмірден алынған өнегелі әңгімелермен бөлісті.
Оқушылар да өз кезегінде үлкендерге сұрақтар қойып, олардың ақыл-кеңестерін қызығушылықпен тыңдады. Мұндай кездесулер жас ұрпақтың ұлттық құндылықтарды құрметтеуіне, үлкенге ізет, кішіге қамқор болуға тәрбиелеуде маңызды рөл атқаратыны анық.
Іс-шара соңында оқушылар қонақтарға алғыстарын білдіріп, үлкендердің батасын алды. Осындай тағылымды кездесулер өскелең ұрпақтың бойына ізгі қасиеттерді сіңіріп, өмірлік бағыт-бағдар берері сөзсіз.

#Nauryznama2026
#ҰлыДалаНаурызы;

WhatsApp Image 2026 04 24 at 10.11.21

28
ноября
2025

«ДОСБОЛLIKE: ДОСТЫҚ ҚОЛЫН ҰСЫН» акциясына 8-сынып оқушылары атсалысты. 

 

Мақсат: Мектеп ортасында шығармашылыққа негізделген ұжымдық іс-әрекет арқылы дұрыс қарым-қатынас орнатуға жағдай жасау.WhatsApp Image 2025 11 28 at 17.20.32 1

28
ноября
2025

«Таза Қазақстан» жобасы аясында

оқушылар мектеп ауласындағы гүлдерді суарды.

✅Іс-шараның мақсаты – оқушыларды табиғатты аялауға, тазалықты сақтауға және еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

Балалар бірлесіп еңбек етіп, аула аумағын таза ұстауға өз үлестерін қосты.WhatsApp Image 2025 11 28 at 17.18.21

22
мая
2025

21 мамыр күні мектебімізде оқу жылының аяқталуына байланысты қорытынды ата-аналар жиналысы өткізілді. Жиын барысында оқу жылының қорытындысы шығарылып, оқушылардың оқу үлгерімі мен тәртібі туралы ақпарат берілді. Сонымен қатар, ата-аналармен бірлесе отырып, жазғы демалыс кезіндегі оқушылардың қауіпсіздігі, бос уақытын тиімді ұйымдастыру және келесі оқу жылына дайындық мәселелері талқыланды. Жиналысқа сынып жетекшілері мен мектеп әкімшілігі қатысып, ата-аналар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.

5
мая
2025

1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай ұйымдастырылған ауылдық көрмеге өз үлесіңізді қосқаныңыз үшін рақмет айтамыз. «Шебер қолдар» үйірмесінің нәтижелі жұмыс жасағанын көрсете білдіңіз! 🩷Белсенді атсалысып, оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуға қосқан зор үлесіңіз үшін алғысымызды білдіреміз!

Сіз дайындаған көрме- ұлтымыздың мәдениетін таныстырып, оқушыларға достық пен бірліктің қадірін ұғындыруға үлкен септігін тигізді.✊✊✊🇰🇿

5
мая
2025

Алаш ардақтысы, ақын, қоғам қайраткері М.Дулатұлының туғанына 140 жыл толуына арналған «Алаштың рухы-Міржақыптың жыры» атты аймақтық жас ақындар айтысында «жас ақын» номинациясына (арнайы жүлде) мектебіміздің 7-сынып оқушысы Перизат Амин иеленді.

© 2026. Все права защищены.