ВКЛ / ВЫКЛ: ИЗОБРАЖЕНИЯ: ШРИФТ: A A A ФОН: Ц Ц Ц Ц
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Бейімбет Майлин ауданы білім бөлімінің

№ 2 Тобыл жалпы білім беретін мектебі» КММ
КГУ «Тобольская общеобразовательная школа №2 отдела образования района Беимбета Майлина» Управления образования акимата Костанайской области

п. Тобол, ул. Бейбітшілік, 73
8 (71436) 2-13-91
tshkz2@mailin-roo.edu.kz

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Бейімбет Майлин ауданы білім бөлімінің

№ 2 Тобыл жалпы білім беретін мектебі» КММ
КГУ «Тобольская общеобразовательная школа №2 отдела образования района Беимбета Майлина» Управления образования акимата Костанайской области

МЕНЮ

Біз сіздермен сәлемдесуге
қуаныштымыз мектебіміздің ресми сайтында!

Сайт біздің қалай екенімізді білгісі келетіндердің
барлығына арналған оқу орны.

Бөлімге өтіңіз
24
Сәуір
2026

7 сәуір – Дүниежүзілік денсаулық күніне орай 🗓️💚 мектебімізде 2-сынып оқушыларымен сынып сағаты өткізілді.

Сынып сағаттарының мақсаты – оқушыларға денсаулықтың маңыздылығын түсіндіру 🧠, салауатты өмір салтын қалыптастыру 🏃‍♀️, дұрыс тамақтану 🥗, жеке бас гигиенасы 🧼 және зиянды әдеттердің алдын алу 🚭 туралы ақпарат беру.

WhatsApp Image 2026 04 24 at 10.11.24

24
Сәуір
2026

🤝 “Наурызнама – Ынтымақ күні” 🤝

Мектебімізде Наурыз мерекесіне орай ұйымдастырылған “Наурызнама” аясында Ынтымақ күні ерекше мазмұнда аталып өтті.

Бұл күннің басты мақсаты – оқушылар арасында достықты, бірлікті, өзара сыйластықты нығайту, көпұлтты еліміздің татулығын дәріптеу болды.

Іс-шара барысында әр ұлттың мәдениеті таныстырылып, оқушылар ұлттық киімдер киіп, түрлі халықтардың салт-дәстүрлері мен өнерін паш етті. Ән мен би, ұлттық ойындар арқылы достық пен татулықтың маңызы кеңінен насихатталды.

Шара барысында оқушылар бірлік пен ынтымақтың құндылығын терең түсініп, “Бірлік бар жерде – тірлік бар” екенін тағы бір дәлелдеді.

✨ Ынтымақ – елдің тірегі, татулық – халықтың жүрегі. Осындай игі шаралар жас ұрпақты бірлікке, сыйластыққа тәрбиелейді.

🌿 Баршаңызды Наурыз мерекесімен құттықтаймыз! Еліміз аман, жұртымыз тыныш, бірлігіміз бекем болсын!WhatsApp Image 2026 04 24 at 12.51.47

24
Сәуір
2026

«Даналық мектебі» жобасы аясында мектебімізде тағылымы мол, тәрбиелік мәні жоғары кездесу ұйымдастырылды. Іс-шара барысында әкелер, аталар, әжелер мен жеңгелер тобы бас қосып, оқушылармен еркін әңгіме жүргізді.
Кездесу барысында үлкендер өздерінің өмірлік тәжірибелерімен бөлісіп, жас ұрпаққа ақыл-кеңестерін айтты. Олар бала тәрбиесі, үлкенді құрметтеу, ата-ананы қадірлеу, еңбекқорлық пен адалдық сияқты адамгершілік құндылықтар туралы тағылымды ойларын жеткізді. Әсіресе ата-әжелер ұлттық салт-дәстүрлердің маңызын айтып, өмірден алынған өнегелі әңгімелермен бөлісті.
Оқушылар да өз кезегінде үлкендерге сұрақтар қойып, олардың ақыл-кеңестерін қызығушылықпен тыңдады. Мұндай кездесулер жас ұрпақтың ұлттық құндылықтарды құрметтеуіне, үлкенге ізет, кішіге қамқор болуға тәрбиелеуде маңызды рөл атқаратыны анық.
Іс-шара соңында оқушылар қонақтарға алғыстарын білдіріп, үлкендердің батасын алды. Осындай тағылымды кездесулер өскелең ұрпақтың бойына ізгі қасиеттерді сіңіріп, өмірлік бағыт-бағдар берері сөзсіз.

#Nauryznama2026
#ҰлыДалаНаурызы;

WhatsApp Image 2026 04 24 at 10.11.21

26
Желтоқсан
2025

Сабақ, барысында

оқушылар «Кітаптар мұны» ертегісімен танысты.

Ертегі мазмұны талқыланып, кітаптын маңызы мен оны күтіп ұстау туралы пікір алмасу жүргізілді.

Оқушылар рөлдерге бөлініп, ертегі желісі бойынша сахналық қойылым көрсетті. Қойылым кезінде балалар белсенділік танытып, кейіпкерлердің, іс-

әрекетін шынайы жеткізді.

Іс-шара натижесінде оқушылардың, шығармашылыкқ қабілеті дамып, кітапқа деген құрметі артты.fcd8b663 c9fc 4597 9316 a00b3efcdc15

10
Желтоқсан
2025

a0eb7c44 e3a1 4ba4 bdbf d4703150fafc стенді ұйымдастырылды

 

Мектебімізде «Шынайы өмір — вейпсіз» атты ақпараттық стенд ұйымдастырылып, оқушылармен түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Шараның мақсаты — жастарға вейптің зияны туралы ашық ақпарат беру, дұрыс таңдау жасауға бағыттау және саналы өмір салтын қалыптастыру.

 

Мектеп тәлімгері: Нагашбай А

4
Желтоқсан
2025

Бүгін, 3 желтоқсан күні «Заң және біз» тақырыбында онлайн тәрбиелік іс-шара сәтті өткізілді.

 

🔹 Оқушылар құқықтық сауаттылық, құқық бұзушылықтың алдын алу және өз құқықтарын білу жөнінде маңызды ақпарат алды.

🔹 Іс-шара барысында белсенді пікірталас ұйымдастырылып, оқушылар сұрақтар қойып, өз ойларымен бөлісті.

 

Ұйымдастырушылар:

▫️ ТЖО – А.Алькеева

▫️ Әлеуметтік педагог – К.Ахметжанова

▫️ Педагог-психолог – Ы.ЛескеновWhatsApp Image 2025 12 04 at 10.15.05

28
Қараша
2025

«ДОСБОЛLIKE: ДОСТЫҚ ҚОЛЫН ҰСЫН» акциясына 8-сынып оқушылары атсалысты. 

 

Мақсат: Мектеп ортасында шығармашылыққа негізделген ұжымдық іс-әрекет арқылы дұрыс қарым-қатынас орнатуға жағдай жасау.WhatsApp Image 2025 11 28 at 17.20.32 1

28
Қараша
2025

«Таза Қазақстан» жобасы аясында

оқушылар мектеп ауласындағы гүлдерді суарды.

✅Іс-шараның мақсаты – оқушыларды табиғатты аялауға, тазалықты сақтауға және еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

Балалар бірлесіп еңбек етіп, аула аумағын таза ұстауға өз үлестерін қосты.WhatsApp Image 2025 11 28 at 17.18.21

© 2026. Все права защищены.