ВКЛ / ВЫКЛ: ИЗОБРАЖЕНИЯ: ШРИФТ: A A A ФОН: Ц Ц Ц Ц
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Бейімбет Майлин ауданы білім бөлімінің

№ 2 Тобыл жалпы білім беретін мектебі» КММ
КГУ «Тобольская общеобразовательная школа №2 отдела образования района Беимбета Майлина» Управления образования акимата Костанайской области

п. Тобол, ул. Бейбітшілік, 73
8 (71436) 2-13-91
tshkz2@mailin-roo.edu.kz

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Бейімбет Майлин ауданы білім бөлімінің

№ 2 Тобыл жалпы білім беретін мектебі» КММ
КГУ «Тобольская общеобразовательная школа №2 отдела образования района Беимбета Майлина» Управления образования акимата Костанайской области

МЕНЮ

Біз сіздермен сәлемдесуге
қуаныштымыз мектебіміздің ресми сайтында!

Сайт біздің қалай екенімізді білгісі келетіндердің
барлығына арналған оқу орны.

Бөлімге өтіңіз
15
Қараша
2024

"Таза Қазақстан" акциясы

Мақсаты:

  1. Қоршаған ортаны қорғау және табиғатқа ұқыпты қарауға шақыру.
  2. Азаматтарды экологиялық мәдениетке тәрбиелеу және жауапкершілік сезімін қалыптастыру.
  3. Қоршаған ортаның ластануын азайту және экологиялық мәселелерге назар аудару.
  4. Қоғамды біріктіріп, ортақ игілік үшін табиғатты қорғау шараларын ұйымдастыру.

Іс-шаралар:

  • Тазалық күндерін өткізу (саябақтарда, ормандарда, өзен-көл жағалауларында қоқыс жинау).
  • Экологиялық дәрістер мен семинарлар ұйымдастыру.
  • Қоқысты сұрыптау және қайта өңдеу мәдениетін насихаттау.
  • Көшеттер отырғызу акцияларын өткізу.
  • Жастар мен мектеп оқушыларын экологиялық іс-шараларға тарту.

Бұл акция табиғатты қорғауға бағытталған маңызды қадамдардың бірі болып табылады және әр азаматтың қатысуын талап етеді.

https://www.instagram.com/p/DCE9HvvgBMj/?igsh=emI4c2x4YWV1cjl0

15
Қараша
2024

2024-2025 оқу жылында білім беру ұйымдарында тәрбие жұмысы “Біртұтас тәрбие”бағдарламасының
негізгі ережелеріне сәйкес ұйымдастырылатын болады. Әр ай тұлғаны қалыптастыруға бағытталған
іс-шараларды қамтиды. Соның ішінде, «Апта дәйексөздері» – бүкіл білім беру ұйымның оқу және
оқудан тыс іс-әрекетінің лейтмотиві ретінде қызмет ететін мақал-мәтелдер, халық даналығы, көрнекті тұлғалардың ұлағатты сөздері.

🇰🇿Апта дәйексөзі: “Әділдік пен жауапкершілік - біртұтас ұғым”
#біртұтастәрбие
#аптадәйексөзі

https://www.instagram.com/p/DB86ETZNcYN/?igsh=aGpncTlqaDYwZ283 

15
Қараша
2024

 

«Бейімбет Майлин ауданы білім бөлімінің
№ 2 Тобыл жалпы білім беретін мектебі»КММ "Біртұтас тәрбие " бағдарламасы аясында Күзгі демалыс жоспарының негізінде
2024 жылдың 31 қазан күні 4-сынып жетекшісі Хайрат А 4-сынып оқушыларымен,3-сынып оқушылары сынып жетекшісі Таева С.Х Лисаковск қаласының мұражайына саяхат жасады.Мұражай мамандары оқушыларға қызықты етіп мұражайда орналасқан барлық, тарихи жадігерлердің тарихын, қала тарихын, қалаға белгілі атақты адамдардың ерліктерін, қалаға сіңірген еңбекетерін жақсы етіп түсіндіріп берді. Оқушылар қызығушылықпен тыңдап, білмегендерін көріп, бір күндік саяхаттарын көңілді әсерде аяқтады.

#біртұтастәрбие
#күзгідемалыс
#мұражай

: https://www.instagram.com/p/DBzFzJKgGYD/?igsh=MXZmeHBueXd4cncwdw==

15
Қараша
2024

28 қазан күні Набережный ЖББМ базасында 5-6, 7-8 сынып оқушылары арасында үстел теннисі бойынша Бейімбет Майлин ауданының ашық біріншілігі өтті.

Жарыс нәтижесі бойынша мектебіміздің қатысушылары:
Бахатбекқызы Жадыра
Бахитжан Марғұлан
Жұмаділ Арлан 3 орынды иеленді!
Жетекшілері: Ақбанов Нұрсұлтан Сәукенұлы, Ахмет Бекнұр Ниетқалиұлы. Құттықтаймыз!💐

https://www.instagram.com/p/DBrKkrng8uL/?igsh=MTRlcTRpcHR4N2tvMA==

28
Қазан
2024

Алаш дебат үйірмесі

Үйірменің мақсаты: Оқушылардың аналитикалық ойлау, сөйлеу қабілетін дамыту, қоғамдық мәселелер туралы пікір алмасу, аргументтеу дағдыларын жетілдіру және көшбасшылық қасиеттерін нығайту.

Жетекшісі : Нагашбай А.Т

28
Қазан
2024

"Бала және театр" үйірмесі

Үйірменің мақсаты: Балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, театр өнері арқылы өзін-өзі таныту, коммуникативтік дағдыларын жақсарту және командалық жұмысқа баулу.

Жетекшісі: Таева С.Х

28
Қазан
2024

Баскетбол үйірмесі

Үйірменің мақсаты: Оқушыларға баскетбол ойынын үйрету, физикалық белсенділікті арттыру, командалық рухты дамыту және салауатты өмір салтын насихаттау.

Аптаның әр сәрсенбісіде өткізіледі.

жетекшісі : Ахмет Б.Н

28
Қазан
2024

Тоғызқұмалақ үйірмесі

Үйірменің мақсаты: Оқушыларға тоғызқұмалақ ойынын үйрету, логикалық ойлау қабілетін дамыту, командалық рухты нығайту және ұлттық мәдениетті насихаттау.

Аптаның әр сейсенбісіде өтіледі.

Жетекшісі: Есімхан Ж.Ғ

© 2026. Все права защищены.