ВКЛ / ВЫКЛ: ИЗОБРАЖЕНИЯ: ШРИФТ: A A A ФОН: Ц Ц Ц Ц
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Бейімбет Майлин ауданы білім бөлімінің

№ 2 Тобыл жалпы білім беретін мектебі» КММ
КГУ «Тобольская общеобразовательная школа №2 отдела образования района Беимбета Майлина» Управления образования акимата Костанайской области

п. Тобол, ул. Бейбітшілік, 73
8 (71436) 2-13-91
tshkz2@mailin-roo.edu.kz

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Бейімбет Майлин ауданы білім бөлімінің

№ 2 Тобыл жалпы білім беретін мектебі» КММ
КГУ «Тобольская общеобразовательная школа №2 отдела образования района Беимбета Майлина» Управления образования акимата Костанайской области

МЕНЮ

Біз сіздермен сәлемдесуге
қуаныштымыз мектебіміздің ресми сайтында!

Сайт біздің қалай екенімізді білгісі келетіндердің
барлығына арналған оқу орны.

Бөлімге өтіңіз
28
Қараша
2025

4837053b e306 461d 948a e2e56053677f

28
Қараша
2025

Үйірмеде оқушылармен жасанды интеллект көмегімен компьютерлік жұмысты жеңілдету және уақытты үнемдеу жолдары қарастырылды.

Сабақ барысында «MindOnMap»  сайтында ЖИ көмегімен жоспар құру және алгоритм жүргізумен таныстырылды.

Оқушылар сайттың мүмкіндіктерімен танысып,WhatsApp Image 2025 11 28 at 16.54.06 жұмыс жасауға дайындалды. Оқушылар қызығушылық танытып, алдағы уақытта өз жобаларын осы құрал арқылы құруға ниет білдірді.

27
Қараша
2025

Бала және театр үйірмесі: «Алтын сақа» ертегісін талдау және сахналау

Мектептің театр үйірмесіне қатысатын оқушылар биылғы шығармашылық жұмыс ретінде қазақтың халық ертегісі «Алтын сақаны» таңдады. Үйірме жетекшісінің бағыттауымен балалар ең алдымен ертегінің мазмұнын талдап, онда көтерілген идеяларды анықтады. Ертегіде батылдық, тапқырлық, достық пен адалдық сынды құндылықтардың көрініс табатынын оқушылар ерекше атап өтті.

Талдау барысында әрбір оқушы кейіпкерлердің мінез-құлқын, іс-әрекетін саралап, олардың оқиға дамуына әсерін түсінді. Әсіресе, Алтын сақаны іздеген батыр баланың батылдығы мен қайсарлығы, сондай-ақ жолда кездескен түрлі жаратылыстармен қарым-қатынасы оқушыларға үлкен әсер қалдырды.

Талдаудан кейін үйірме мүшелері ертегіні сахналауға кірісті. Рөлдер бөлініп, әр оқушы өз кейіпкерінің ерекшелігін ашуға тырысты. Олар дауыс ырғағын, қимыл-қозғалысты, мінезді жеткізуге жаттығып, ертегіні көрерменге қызықты әрі түсінікті етіп ұсынуды мақсат етті. Қолдан жасалған декорациялар мен костюмдер қойылымның көркемдігін арттырды.

Сахналық жұмыстың нәтижесінде оқушылар ұлттық ертегі мұрасымен жақынырақ танысWhatsApp Image 2025 11 27 at 17.11.15ып қана қоймай, өздерінің актерлік қабілеттерін дамытты, бір-бірімен ынтымақтаса жұмыс істеуді үйренді.

27
Қараша
2025

WhatsApp Image 2025 11 27 at 16.55.01

“Әлеуметтік желілер жасөспірімдерге көбірек пайда ма, әлде зиян әкелуде ме?” тақырыбында дебат өтті.

Іс-шара барысында үкімет тобы әлеуметтік желілердің жасөспірімдердің дамуына қосатын оң әсерлерін дәлелді түрде қорғады. Олар желілердің білім алуға мүмкіндік беретінін, шығармашылықты дамытуға жол ашатынын және әлеммен байланыс орнатуда маңызды құрал екенін атап өтті. Үкімет мүшелері нақты мысалдар мен зерттеулерге сүйене отырып, әлеуметтік желінің дұрыс қолданылған жағдайда үлкен пайда әкелетінін сенімді түрде жеткізді.

Ал оппозиция тобы әлеуметтік желілердің кері әсерлеріне тоқталып, жасөспірімдер арасында тәуелділіктің артуы, уақытты тиімсіз пайдалану, кибербуллинг және жалған ақпараттың таралуы секілді мәселелерді дәлелдермен ұсынды. Олар әлеуметтік желілердің психологиялық денсаулыққа төндіретін қауіптерін айта отырып, оны шектен тыс пайдаланудың зияны мол екенін жан-жақты түсіндірді.

Дебат тартысты әрі мазмұнды өтті. Екі тарап та өз ұстанымдарын сауатты қорғай отырып, тыңдаушыларға маңызды ой салды.

22
Мамыр
2025

Бала және театр үйірмесі қорытынды жұмысын көрсетті. Шара барысында үйірме құрамындағы 1-4 сынып оқушылары түрлі ертегілерден үзінділер қойып, өз өнерлерін ортаға салды. Балалар қазақ халық ертегілері мен әлемдік классикадан алынған сахналық көріністерді шеберлікпен сомдап, көрермендердің көңілінен шықты. Іс-шара оқушылардың актерлік қабілетін дамытуға, сөйлеу мәдениетін жетілдіруге және шығармашылық белсенділігін арттыруға бағытталған.

24
Сәуір
2025

Мектебімізде ұлттық өнерімізді насихаттау және оқушылардың рухани-мәдени дамуына үлес қосу мақсатында домбыра үйірмесі қайта жанданды. Үйірме қатысушылары домбыра тарту шеберлігін меңгеріп қана қоймай, халқымыздың күй өнері мен дәстүрлі музыкасының терең тарихымен танысады. Үйірме жұмысы оқушылардың шығармашылық қабілетін арттырып, ұлттық өнерге деген сүйіспеншілігін оятады. Сабақтар барысында күйлер үйреніліп, түрлі мәдени іс-шараларға қатысу мүмкіндігі қарастырылады.
23
Сәуір
2025

 

Спорт – салауатты өмір салтының кепілі. Осы бағытта мектепте баскетбол үйірмесі табысты жұмыс жасап келеді. Үйірме жетекшісі – дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Ахмет Б.

Баскетбол үйірмесіне қатысушылар аптасына бірнеше рет жаттығуға жиналып, техника мен тактика негіздерін меңгеріп келеді. Жетекші оқушылардың физикалық дайындығын арттырып, спортқа деген қызығушылығын оятуға үлкен үлес қосуда.

Жаттығу барысында қатысушылар командамен жұмыс істеуді, шапшаң шешім қабылдауды және ойын тәртібін сақтауды үйренеді. Үйірме мүшелері мектепішілік жарыстарда белсенділік танытып, алдағы уақытта аудандық деңгейдегі турнирлерге қатысуды мақсат тұтып отыр.

Баскетбол үйірмесі – жас спортшылардың шыңдалуына, жігері мен төзімділігін арттыруға үлкен мүмкіндік.

23
Сәуір
2025

 

Мектебімізде оқушылардың сыни ойлау қабілетін, шешендік өнерін және өз пікірін ашық жеткізе білу дағдысын дамыту мақсатында «Алаш» дебат үйірмесі табысты жұмыс істеуде. Үйірме жетекшісі – тәжірибелі ұстаз Нағашбай А.Т.

«Алаш» дебат клубының мүшелері апта сайын кездесіп, түрлі өзекті тақырыптарда пікірталас өткізеді. Оқушылар әлемдік және ұлттық мәселелерді талқылап, зерттеп, өз ұстанымдарын дәлелдей білуге машықтанады.

Үйірмеде қатысушылар пікірсайыс ережелерімен танысып, британдық парламенттік және линкольн-дуглас форматтарында дебат жүргізуді үйренуде. Бұл олардың сөздік қорын байытып, логикалық және аналитикалық ойлау қабілетін арттыруға септігін тигізеді.

«Алаш» дебат үйірмесі мектепішілік шараларға белсенді қатысып қана қоймай, аудандық және қалалық пікірсайыс турнирлеріне де қатысуға дайындалуда.

© 2025. Все права защищены.