Спорт – салауатты өмір салтының кепілі. Осы бағытта мектепте баскетбол үйірмесі табысты жұмыс жасап келеді. Үйірме жетекшісі – дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Ахмет Б.
Баскетбол үйірмесіне қатысушылар аптасына бірнеше рет жаттығуға жиналып, техника мен тактика негіздерін меңгеріп келеді. Жетекші оқушылардың физикалық дайындығын арттырып, спортқа деген қызығушылығын оятуға үлкен үлес қосуда.
Жаттығу барысында қатысушылар командамен жұмыс істеуді, шапшаң шешім қабылдауды және ойын тәртібін сақтауды үйренеді. Үйірме мүшелері мектепішілік жарыстарда белсенділік танытып, алдағы уақытта аудандық деңгейдегі турнирлерге қатысуды мақсат тұтып отыр.
Баскетбол үйірмесі – жас спортшылардың шыңдалуына, жігері мен төзімділігін арттыруға үлкен мүмкіндік.