ВКЛ / ВЫКЛ: ИЗОБРАЖЕНИЯ: ШРИФТ: A A A ФОН: Ц Ц Ц Ц
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Бейімбет Майлин ауданы білім бөлімінің

№ 2 Тобыл жалпы білім беретін мектебі» КММ
КГУ «Тобольская общеобразовательная школа №2 отдела образования района Беимбета Майлина» Управления образования акимата Костанайской области

п. Тобол, ул. Бейбітшілік, 73
8 (71436) 2-13-91
tshkz2@mailin-roo.edu.kz

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Бейімбет Майлин ауданы білім бөлімінің

№ 2 Тобыл жалпы білім беретін мектебі» КММ
КГУ «Тобольская общеобразовательная школа №2 отдела образования района Беимбета Майлина» Управления образования акимата Костанайской области

МЕНЮ

Біз сіздермен сәлемдесуге
қуаныштымыз мектебіміздің ресми сайтында!

Сайт біздің қалай екенімізді білгісі келетіндердің
барлығына арналған оқу орны.

Бөлімге өтіңіз
24
Сәуір
2025

“Сторителлинг” облыстық бейнероликтер байқауының 6-сынып оқушылары 2 орынды иеленді Құттықтаймыз!🌹🌹🌹
22
Сәуір
2025

Мектепте «Егер қиын болса – қоңырау шал» атты акция өткізілді. Бұл акцияның мақсаты – оқушыларды психологиялық көмекке жүгінуге, қиын жағдайда болған кезде қолдау сұрауға шақыру болды. Мектеп психологы мен әлеуметтік педагог оқушыларға сенім телефондары мен көмек көрсету арналары туралы ақпарат беріп, өздерінің қауіпсіздігі мен психологиялық әл-ауқатын қамтамасыз ету үшін қандай қадамдар жасау керектігін түсіндірді. Акция барысында оқушыларға қиындықтармен бетпе-бет келгенде, жалғыз қалмаудың маңыздылығы туралы айтылды. Сонымен қатар, оқушылар арасында психологиялық қолдау көрсету мәдениетін қалыптастыру мақсатында түрлі бейнемазмұндар мен ақпараттық парақшалар таратылды.

22
Сәуір
2025

Мектепте «Буллинг – бұл...» тақырыбында 1-11 сынып оқушыларымен пайдалы үзіліс форматында сабақтар өткізілді. Іс-шараның мақсаты – оқушыларға буллинг ұғымын түсіндіру, оның түрлерін, себеп-салдарын және алдын алу жолдарын көрсету. Психолог пен әлеуметтік педагог оқушылармен жекелеген және топтық жұмыстар ұйымдастырып, жағдаяттарды талқылап, буллингтің кез келген түріне төзбеушілік таныту қажеттігін түсіндірді. Пайдалы үзіліс барысында интерактивті әдістер, ойын элементтері және бейнероликтер қолданылып, оқушылардың қызығушылығын арттырды. Сабақтар барлық жас ерекшеліктеріне сай өткізілді және достық қарым-қатынас қалыптастыруға бағытталды.

Мектеп психологы: Лескенов Ы.И

22
Сәуір
2025

Мектепте 7-10 сынып оқушыларымен кибербуллингтің алдын алу мақсатында тренингтік сағат өткізілді. Іс-шараны мектептің психологы мен әлеуметтік педагогі ұйымдастырып, оқушыларға кибербуллинг ұғымы, оның түрлері, салдары және одан қорғану жолдары жөнінде жан-жақты түсінік берілді. Тренинг барысында оқушылар топтық жаттығуларға қатысып, жағдаяттарды талқылап, өз көзқарастарын білдірді. Сонымен қатар, интернеттегі қауіпсіз мінез-құлық ережелері мен сенім телефондары туралы ақпарат ұсынылды. Тренинг оқушылардың саналы әрі қауіпсіз интернет пайдалануға деген көзқарасын қалыптастыруға бағытталды.

Мектеп психологы: Лескенов Ы.И

22
Сәуір
2025

Мектепте жоғары сынып оқушыларымен зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша түсіндірмелік жұмыс жүргізілді. Іс-шара барысында мектеп психологы мен әлеуметтік педагог оқушыларға зорлық-зомбылықтың түрлері, оның психологиялық және құқықтық салдары жөнінде мәлімет беріп, өздерін және өзгелерді қорғау жолдарын түсіндірді. Оқушыларға кикілжіңдерді бейбіт жолмен шешу, бір-біріне құрметпен қарау және қажет жағдайда көмекке жүгіну маңыздылығы айтылды. Сондай-ақ сенім телефондары мен қолдау көрсету орталықтары туралы ақпарат ұсынылды. Кездесу ашық пікір алмасу форматында өтіп, оқушылар өз ойларын еркін жеткізе алды.

Әлеуметтік педагог: Ахметжанова К.А

Мектеп психологы: Лескенов Ы.И

22
Сәуір
2025

Мектепте оқушылармен "Кодактив" платформасы бойынша түсіндірмелік жұмыс жүргізілді. Шара барысында оқушыларға платформаның мақсат-міндеттері, ондағы қауіпсіздік шаралары және өздерінің құқықтары мен жауапкершіліктері туралы жан-жақты ақпарат берілді. Мектеп психологы мен әлеуметтік педагог платформаны дұрыс әрі тиімді пайдалану жолдарын түсіндіріп, кибербуллинг пен интернеттегі қауіп-қатерлерден сақтану мәселелерін де қамтыды. Оқушылармен кері байланыс орнатылып, сұрақтарына жауап берілді.

22
Сәуір
2025

Мектепте 5-11 сынып оқушыларымен аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу мақсатында түсіндірмелік жұмыс жүргізілді. Іс-шара барысында мектеп психологы мен әлеуметтік педагог оқушыларға аутодеструктивті мінез-құлықтың түрлері, оның себептері мен салдары жайында ақпарат беріп, өз-өзіне көмек көрсету және қиын жағдайда дұрыс шешім қабылдау жолдарын түсіндірді. Оқушылармен ашық диалог ұйымдастырылып, сенім телефондары мен көмек алу арналары туралы мәліметтер ұсынылды. Бұл жұмыс оқушылардың эмоционалдық тұрақтылығын арттырып, психологиялық қолдау көрсетуге бағытталды.

22
Сәуір
2025

Мектепте суицидтік мінез-құлықтың және зорлық-зомбылықтың алдын алу стратегиялары бойынша ата-аналар жиналысы өткізілді. Жиналысты мектеп психологы мен әлеуметтік педагог ұйымдастырып, ата-аналарға жасөспірімдердің психоэмоционалдық жай-күйін бақылау, жанжалдардың алдын алу және қолдау көрсету жолдары жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар, қауіптің алғашқы белгілерін анықтау мен оларды дер кезінде болдырмау тәсілдері талқыланды. Жиналыс барысында ата-аналар өз сұрақтарына жауап алып, тәжірибе алмасу мүмкіндігіне ие болды.

© 2025. Все права защищены.