ВКЛ / ВЫКЛ: ИЗОБРАЖЕНИЯ: ШРИФТ: A A A ФОН: Ц Ц Ц Ц
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Бейімбет Майлин ауданы білім бөлімінің

№ 2 Тобыл жалпы білім беретін мектебі» КММ
КГУ «Тобольская общеобразовательная школа №2 отдела образования района Беимбета Майлина» Управления образования акимата Костанайской области

п. Тобол, ул. Бейбітшілік, 73
8 (71436) 2-13-91
tshkz2@mailin-roo.edu.kz

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Бейімбет Майлин ауданы білім бөлімінің

№ 2 Тобыл жалпы білім беретін мектебі» КММ
КГУ «Тобольская общеобразовательная школа №2 отдела образования района Беимбета Майлина» Управления образования акимата Костанайской области

МЕНЮ

Біз сіздермен сәлемдесуге
қуаныштымыз мектебіміздің ресми сайтында!

Сайт біздің қалай екенімізді білгісі келетіндердің
барлығына арналған оқу орны.

Бөлімге өтіңіз
27
Ақпан
2026

«№2 Тобыл жалпы білім беретін мектебі» КММ-де 5-11 сынып оқушыларының ата-аналарына арналған «Аутодиструктивті мінез-құлықтың алдын-алу» тақырыбында жиналыс өтті. Жиналыстың мақсаты — ата-аналарды аутодиструктивті мінез-құлық, оның себептері мен салдары туралы ақпараттандыру, сондай-ақ балалар мен жасөспірімдер арасында осындай мінез-құлықтың алдын алу шараларын көрсету болды.
ТЖО А.Алькеева ата-аналарға «Жүрек жылуы» атты интерактивті тренинг жүргізіп, қатысушылардың өзара қарым-қатынас дағдыларын дамытуға, психологиялық қолдау көрсетуге және балалармен дұрыс байланыс орнатуға бағытталған жаттығулар ұйымдастырды. Сонымен қатар, ол кәмелет жасқа толмағандар арасындағы аутодиструктивті мінез-құлықтың алдын алуға бағытталған бағдарламалардың маңыздылығына, олардың педагогикалық және психологиялық мәніне тоқталды.
Педагог-психолог Ы.Лескенов практикалық кезеңде арнайы видеоматериалдар көрсетті және оларды бірге талқылау арқылы ата-аналардың назарын нақты мысалдар арқылы аударды. Қатысушылар жағдаяттық тапсырмаларды орындап, өз тәжірибелерімен бөлісті.
Әлеуметтік педагог К.Ахметжанова қатысушыларды топтарға бөліп, тақырыпқа байланысты талқылаулар жүргізді, ой-пікір алмасуға жағдай жасады. Жиналыс соңында қатысушыларға арнайы жадынамалар таратылып, қажетті ақпарат толық жеткізілді.
Жиналыс өте жоғары деңгейде өтіп, ата-аналар тарапынан белсенді қатысу мен оң пікірлер алынды. Ұйымдастырушылардың кәсіби жұмысы мен қатысушылардың ынтасы бірлесе тиімді нәтиже берді.

WhatsApp Image 2026 02 23 at 14.50.01 1

27
Ақпан
2026

АТА-АНАЛАР ҚАУЫМДАСТЫҒЫМЕН ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ

Мектебімізде ата-аналар қауымдастығымен дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
Іс-шараның тақырыбы:
«Мектеп – ата-ана – оқушы: бірлесе әрекет етудің маңызы».
Дөңгелек үстелдің негізгі мақсаты – мектеп пен ата-аналар қауымдастығы арасындағы өзара ынтымақтастықты нығайту, бала тәрбиесіндегі өзекті мәселелерді бірлесе талқылау, ата-аналардың педагогикалық мәдениетін арттыру.
Іс-шара барысында мектеп басшысы Г. Алиева сөз сөйлеп, мектеп пен ата-ана арасындағы серіктестіктің маңыздылығына тоқталды.
Мектеп психологы Лескенов Ы. ата-аналарға арналған тренинг өткізіп, бала тәрбиесіндегі психологиялық қолдау туралы пайдалы кеңестер берді.
Әлеуметтік педагог Ахметжанова К. құқық бұзушылықтың алдын алу бағытында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, ата-аналармен ашық пікір алмасты.
Кездесу барысында бейнематериал көрсетіліп, мазмұны жан-жақты талқыланды. Әр сыныпта кездесетін өзекті мәселелер қозғалып, ата-аналар мен педагогтер арасында еркін пікір алмасу орын алды. Нәтижесінде бірқатар мәселелер бойынша ортақ шешімдер қабылданып, нақты ұсыныстар жасалды.
Осындай мазмұнды кездесулер мектеп пен ата-ана арасындағы байланысты нығайтып, оқушылардың тәрбиесі мен қауіпсіз дамуына оң әсерін тигізеді.

Ұйымдастырушы: Тжо А.Алькеева

WhatsApp Image 2026 02 23 at 14.50.03 1

19
Желтоқсан
2025

b93ed803 d059 49fb aa68 1dec542225d6

 

Мектеп Басшысы Алиева Г.Р., басшының оқу жөніндегі орынбасары Алтай Н.М., сондай-ақ сынып жетекшісі мен 11-сыныптың ата-аналары және оқушылары қатысқан жиналыс өтті.

 

Жиналыстың негізгі тақырыбы — Қаңтар ҰБТ, жалпы ҰБТ форматы, талаптары және дайындық барысы туралы толық ақпарат беру болды. Оқушылардың қазіргі уақытта дайындықтан жинап жүрген балл көрсеткіштері ата-аналарға ұсынылып, алдағы жұмыс жоспары талқыланды.

 

Сонымен қатар мектеп психологы Лескенов Ы.И.

«Балаңызды қаншалықты танисыз?» атты танымдық тренинг өткізіп, ата-аналар мен оқушылар арасында сенімді қарым-қатынас орнатудың маңыздылығын түсіндірді.

15
Қараша
2024

«Schoolboy Runaway – Стэлс» ойыны туралы ата-аналарға ескерту жасалған. Бұл ескертуде ойынның баланың психологиялық және физикалық жағдайына кері әсер етуі мүмкін екені айтылған. Атап айтқанда: Оқуға деген қызығушылықтың жоғалуы, Ойынға деген тәуелділік пен қызығушылықтың артуы, Жағымсыз тапсырмалардың көбеюі және тәртіптің нашарлауы, Өзін-өзі құрбандыққа дейін апаруы. Сондай-ақ, бұл ойынның PlayMarket және AppStore дүкендерінде қолжетімді екені және егер балаңыз осы ойынды ойнайтын болса, оның қауіпті екенін ескерту қажеттілігі айтылған.

https://www.instagram.com/reel/DASRdn_t2u2/?igsh=MXdma29xc2gxNzJjZw==

© 2026. Все права защищены.