
“Әлеуметтік желілер жасөспірімдерге көбірек пайда ма, әлде зиян әкелуде ме?” тақырыбында дебат өтті.
Іс-шара барысында үкімет тобы әлеуметтік желілердің жасөспірімдердің дамуына қосатын оң әсерлерін дәлелді түрде қорғады. Олар желілердің білім алуға мүмкіндік беретінін, шығармашылықты дамытуға жол ашатынын және әлеммен байланыс орнатуда маңызды құрал екенін атап өтті. Үкімет мүшелері нақты мысалдар мен зерттеулерге сүйене отырып, әлеуметтік желінің дұрыс қолданылған жағдайда үлкен пайда әкелетінін сенімді түрде жеткізді.
Ал оппозиция тобы әлеуметтік желілердің кері әсерлеріне тоқталып, жасөспірімдер арасында тәуелділіктің артуы, уақытты тиімсіз пайдалану, кибербуллинг және жалған ақпараттың таралуы секілді мәселелерді дәлелдермен ұсынды. Олар әлеуметтік желілердің психологиялық денсаулыққа төндіретін қауіптерін айта отырып, оны шектен тыс пайдаланудың зияны мол екенін жан-жақты түсіндірді.
Дебат тартысты әрі мазмұнды өтті. Екі тарап та өз ұстанымдарын сауатты қорғай отырып, тыңдаушыларға маңызды ой салды.






