ВКЛ / ВЫКЛ: ИЗОБРАЖЕНИЯ: ШРИФТ: A A A ФОН: Ц Ц Ц Ц
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Бейімбет Майлин ауданы білім бөлімінің

№ 2 Тобыл жалпы білім беретін мектебі» КММ
КГУ «Тобольская общеобразовательная школа №2 отдела образования района Беимбета Майлина» Управления образования акимата Костанайской области

п. Тобол, ул. Бейбітшілік, 73
8 (71436) 2-13-91
tshkz2@mailin-roo.edu.kz

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Бейімбет Майлин ауданы білім бөлімінің

№ 2 Тобыл жалпы білім беретін мектебі» КММ
КГУ «Тобольская общеобразовательная школа №2 отдела образования района Беимбета Майлина» Управления образования акимата Костанайской области

МЕНЮ

Мы рады вас видеть на официальном сайте нашей школы!

Сайт адресован всем, кому интересно знать, чем живет наше
образовательное учреждение.

Перейти в раздел
24
апреля
2026

"Алпамыс жыры” байқауының аудандық кезеңінде оқушыларымыз жоғары нәтиже көрсетті 👏

🏆 Нұрсейіт Салтанат — І орын
🥈 Бекрикбаева Аружан — ІІ орын

Оқушыларымызды шын жүректен құттықтаймыз! Жетістіктерің көп болсын, алар асуларың әлі алда! 🌟
Ұстаздарына алғыс білдіреміз, еңбектеріңіз жана берсін! 

WhatsApp Image 2026 04 24 at 10.11.25 2

 

24
апреля
2026

“Эко брейн-ринг” атты экологиялық интеллектуалды ойын өтті 🌿

Ойынның мақсаты – оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру, қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне қызығушылығын арттыру және интеллектуалды ойын арқылы белсенді азаматтық ұстанымын дамыту.

Іс-шара барысында оқушылар табиғатты қорғау, экология тақырыбындағы сұрақтарға жауап беріп, өз білімдерін көрсетті. Қатысушылар белсенділік танытып, логикалық ойлау мен жылдам шешім қабылдау қабілеттерін дамытты.

Осындай шаралар жас ұрпақтың табиғатқа деген жауапкершілігін арттырып, экологиялық санасының қалыптасуына ықпал етеді 🌍

WhatsApp Image 2026 04 24 at 10.11.25

24
апреля
2026

С.Ерғалиев мектебінде “Кітап оқитын мектеп” жобасының 8-10 сынып оқушылар арасында аудандық кезеңі өтіп, 8-сынып оқушылары 3 орын, 9-сынып оқушылары 3 орын, 10-сынып оқушылары 1 орын иеленіп 10-сынып оқушылары облыстық кезеңге жолдама алды.

WhatsApp Image 2026 04 24 at 10.11.24 2

24
апреля
2026

Қозғалыстың жас инспекторлары жасақтарының (ҚЖИЖ) облыстық слетінің аудандық кезеңі жоғары деңгейде өтті 🚦

Аталған шараның басты мақсаты – балалар мен жасөспірімдердің қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының алдын алу, сондай-ақ жол қауіпсіздігіне қоғам назарын аудару.

Нәтижесінде мектебіміздің намысын қорғаған “Жол сақшылары” командасы белсене қатысып, жүлделі ІІ орынды иеленді! 👏

Жеңімпаздарды құттықтаймыз! Алдағы жарыстарда биік белестерді бағындыруларыңа тілектеспіз!

WhatsApp Image 2026 04 24 at 10.11.24 1

24
апреля
2026

 

Байқау
31 наурыз күні мектебімізде аудандық Абай оқулары өтті.
Абай оқулары – қазақтың ұлы ақыны, ағартушысы Абай Құнанбайұлының шығармашылығын насихаттауға арналған әдеби байқау. Бұл мектеп білім алушылары арасында өткізіліп, Абайдың өлеңдері мен қара сөздерін жатқа айту, әндерін орындау, мәнерлеп оқу және шығармашылық қабілеттерді дамыту мақсатында ұйымдастырылды. Байқау арқылы жас ұрпақтың Абай мұрасына деген қызығушылығы артып, рухани тәрбиесі мен әдеби талғамын қалыптастырады. Байқау нәтижесінде
«Абайдың - асыл мұрасы» номинациясында 10-сынып оқушысы Дандыбай Аруна жүлделі 1- орынға ие болып,облысқа жолдама алды. 9-сынып білім алушысы Рахат Іңкәр 2-орынға табан тіреді.
«Өлеңге әркімнің ақ бар таласы» номинациясы бойынша 10-сынып білім алушысы Анкей Ернұр 2-орынға ие болды. Жеңімпаздарды құттықтаймыз! 💐💐💐

#Абай_оқулары
#байқау

WhatsApp Image 2026 04 24 at 10.11.23

24
апреля
2026

Аудандық мектептер арасында 7–8 сынып оқушыларының қатысуымен волейболдан жарыс өтті. Ойын тартысты да қызықты өтіп, оқушылар өз шеберліктері мен ұйымшылдықтарын көрсете білді.

Жарыс нәтижесінде қыздар командасы жүлделі II орынды иеленсе, ұлдар командасы III орынға қол жеткізді. Бұл – оқушыларымыздың табандылығы мен командалық рухының айқын көрінісі.

Жеңімпаздарымызды құттықтап, алдағы жарыстарда да биік жетістіктерге жете беруіне тілектеспіз! 🏐

WhatsApp Image 2026 04 24 at 10.11.22 2

24
апреля
2026

2026 жылғы 16 наурызда Б. Майлин атындағы ЖББМ базасында ауданның спорт қауымдастығы үшін маңызды оқиға — «Үздік дене шынықтыру пәні мұғалімі – 2026» облыстық кәсіби шеберлік конкурсының аудандық кезеңі өтті.

Конкурстық бағдарлама педагогтерге өз әлеуетін жан-жақты ашуға мүмкіндік беретін үш күрделі кезеңнен тұрды:
1. «Заманауи сабақ» — инновациялық әдістемелерді қолдана отырып, ашық сабақтар өткізу.
2. «Креативті педагог» — бірегей кәсіби тәжірибені таныстыру.
3. «Үздік спорттық-бұқаралық іс-шара» — ауқымды спорттық шараларды ұйымдастыру дағдыларын көрсету.
Нәтижесінде, Ахмет Б.Н жүлделі ІІ орын иеленді.

Құттықтаймыз! Жеңісті күндер көп болсын!

WhatsApp Image 2026 04 24 at 10.11.22

24
апреля
2026

Мектебіміздің психологы Лескенов Ырысхан Ибрагимұлы «Үздік педагог» байқауының республикалық кезеңіне қатысып, өз бағдарламасын жоғары деңгейде қорғады. Байқау Алматы қаласында өтті.

Білімі мен кәсіби шеберлігінің арқасында мектебіміздің психологы «Үздік жыл психологы» номинациясын жеңіп алып, І орын иеленді. Бұл – мектеп ұжымы үшін үлкен мақтаныш әрі зор жетістік.

Осындай керемет жеңіспен құттықтай отырып, алдағы уақытта да шығармашылық табыс, жаңа белестер мен толағай жетістіктер тілейміз! 🌟👏

WhatsApp Image 2026 04 24 at 10.11.20 1

© 2026. Все права защищены.