Мектебіміздің психологы Лескенов Ырысхан Ибрагимұлы «Үздік педагог» байқауының республикалық кезеңіне қатысып, өз бағдарламасын жоғары деңгейде қорғады. Байқау Алматы қаласында өтті.
Білімі мен кәсіби шеберлігінің арқасында мектебіміздің психологы «Үздік жыл психологы» номинациясын жеңіп алып, І орын иеленді. Бұл – мектеп ұжымы үшін үлкен мақтаныш әрі зор жетістік.
Осындай керемет жеңіспен құттықтай отырып, алдағы уақытта да шығармашылық табыс, жаңа белестер мен толағай жетістіктер тілейміз! 🌟👏







