ВКЛ / ВЫКЛ: ИЗОБРАЖЕНИЯ: ШРИФТ: A A A ФОН: Ц Ц Ц Ц
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Бейімбет Майлин ауданы білім бөлімінің

№ 2 Тобыл жалпы білім беретін мектебі» КММ
КГУ «Тобольская общеобразовательная школа №2 отдела образования района Беимбета Майлина» Управления образования акимата Костанайской области

п. Тобол, ул. Бейбітшілік, 73
8 (71436) 2-13-91
tshkz2@mailin-roo.edu.kz

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Бейімбет Майлин ауданы білім бөлімінің

№ 2 Тобыл жалпы білім беретін мектебі» КММ
КГУ «Тобольская общеобразовательная школа №2 отдела образования района Беимбета Майлина» Управления образования акимата Костанайской области

МЕНЮ

Мы рады вас видеть на официальном сайте нашей школы!

Сайт адресован всем, кому интересно знать, чем живет наше
образовательное учреждение.

Перейти в раздел
24
апреля
2026

“Дарынды балаларға талантты ұстаз” байқауының республикалық кезеңінде мектебіміздің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Азимхан Диана Асқарқызы қатысып, өз тәжірибесі мен шеберлігін жоғары деңгейде көрсетіп, мадақтамамен марапатталды. Бұл жетістік – ұстаздың кәсіби біліктілігі мен тынымсыз еңбегінің жемісі.

Республикалық деңгейде мадақтама иегері атануыңызбен шын жүректен құттықтаймыз! Еңбегіңіз жана берсін, шәкірттеріңіз биіктен көріне берсін. Шығармашылық табыс, мықты денсаулық және жаңа жетістіктер тілейміз! 🌷

WhatsApp Image 2026 04 24 at 10.11.20

24
апреля
2026

Республикалық «Мұқағали Мақатаев оқулары»,«Ілияс Жансүгіров оқулары» облыстық кезеңі

2026 жылдың 4 наурыз күні қосымша білім беруді дамытудың облыстық ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы» КМҚК ұйымдастыруымен 7-11 сынып оқушылары арасында республикалық «Мұқағали Мақатаев оқулары»,«Ілияс Жансүгіров» байқауының облыстық кезеңі өтті.
Бейімбет Майлин ауданынан 5 бағыт бойынша жас таланттар қатысты. Біздің мектебімізден 9-сынып оқушылары Нұрсейіт Салтанат, Нағашыбай Жансая,10-сынып оқушысы Дандыбай Аруна аудан намысын қорғады. Нәтижесінде,
«Айтып өткен ақында арман бар ма?»- көркемсөз оқу номинациясы бойынша
IIІ- орынға №2 Тобыл жалпы білім беретін мектебінің 10-сынып оқушысы Дандыбай Аруна иеленді.

Шығармашылық табыстар тілейміз!

WhatsApp Image 2026 04 24 at 10.11.19

27
февраля
2026

Мектебіміздің оқушылары 7-8 сынып оқушылары арасында баскетбол ойыны бойынша өткен аудандық мектеп лигасының қорытыныдысы бойынша жүлделі ІІ орын иеленді.

Құттықтаймыз! Жеңісті күндер көп болсын!

Жетекшісі:Ахмет Б.Н

WhatsApp Image 2026 02 23 at 14.50.02 1

27
февраля
2026

Бүгін 2–4 сынып оқушылары арасында «Дода» зияткерлік сайысы жоғары деңгейде ұйымдастырылып, тартысты түрде өтті. Сайысқа қатысқан оқушылар өздерінің білім деңгейі мен тапқырлықтарын ортаға салып, белсенділік танытты.
Зияткерлік сайыс 6 кезеңнен тұрды: «Бәйге», «Жеті жұрттың тілін біл!», «Логика», «Ғажайып төрттік», «Жорға», «Сөз шеберлері». Әр кезең оқушылардың ой ұшқырлығын, логикалық қабілетін, тіл байлығы мен жылдам ойлау дағдыларын дамытуға бағытталды.
Қызықты да мазмұнды өткен сайыс нәтижесінде:
І орын – 3-сынып оқушылары
ІІ орын – 4-сынып оқушылары
ІІІ орын – 2-сынып оқушылары иеленді.
Жарыс барысында оқушылар ұйымшылдық пен білімге деген құштарлықтарын көрсете отырып, өзара достық қарым-қатынасты сақтай білді. Сайыс қатысушыларға көтеріңкі көңіл күй сыйлап, білімге деген қызығушылықтарын арттырды.

WhatsApp Image 2026 02 23 at 14.50.02 2

28
ноября
2025

WhatsApp Image 2025 11 28 at 17.05.45:

6-сынып оқушысы Алимқызы Ақбота-1 орын

7-сынып оқушысы Мақсұтхан Бекзада-3 орын

5-сынып оқушысы Берикбаева Аружан-3 орын

28
ноября
2025

WhatsApp Image 2025 11 28 at 17.02.18 1"Автоматтандыру және жасанды интеллект жұмысшы мамандықтарына зияннан гөрі көбірек пайда әкеледі" тақырыбындағы аудандық пікірсайыста І орын иеленді.

17
ноября
2024

Рудный қаласының Бейімбет Майлин атындағы №7 мектеп-гимназиясы базасында Бейімбет Майлиннің 130 жылдығына орай ұлы жазушының шығармашылығына бойлау мақсатында ұйымдастырылған “Бейімбет оқулары” өңірлік байқауының қорытындысы шықты. Мектебіміздің 11-сынып оқушысы Алтай Айзере байқаудың жеңімпазы атанып, жүлделі ІІІ дәрежелі дипломмен және Apple IPad бағалы сыйлығына ие болды. Шығар шыңдарыңыз, бағындырар биіктеріңіз, алар асуларыңыз көп болсын💐💐💐 Жетекшісі: Назарбаева Ж.Е Құттықтаймыз!!!

https://www.instagram.com/p/DCZzuHwAsi5/?igsh=MWg3ZWllYTU4NTBpeQ==

26
июня
2024

Мектебіміздің сұлу мұғалімдері Тобыл кентінің әкімінен алғыс хатпен марапатталды

© 2026. Все права защищены.