Байқау
31 наурыз күні мектебімізде аудандық Абай оқулары өтті.
Абай оқулары – қазақтың ұлы ақыны, ағартушысы Абай Құнанбайұлының шығармашылығын насихаттауға арналған әдеби байқау. Бұл мектеп білім алушылары арасында өткізіліп, Абайдың өлеңдері мен қара сөздерін жатқа айту, әндерін орындау, мәнерлеп оқу және шығармашылық қабілеттерді дамыту мақсатында ұйымдастырылды. Байқау арқылы жас ұрпақтың Абай мұрасына деген қызығушылығы артып, рухани тәрбиесі мен әдеби талғамын қалыптастырады. Байқау нәтижесінде
«Абайдың - асыл мұрасы» номинациясында 10-сынып оқушысы Дандыбай Аруна жүлделі 1- орынға ие болып,облысқа жолдама алды. 9-сынып білім алушысы Рахат Іңкәр 2-орынға табан тіреді.
«Өлеңге әркімнің ақ бар таласы» номинациясы бойынша 10-сынып білім алушысы Анкей Ернұр 2-орынға ие болды. Жеңімпаздарды құттықтаймыз! 💐💐💐
#Абай_оқулары
#байқау







