Аудандық мектептер арасында 7–8 сынып оқушыларының қатысуымен волейболдан жарыс өтті. Ойын тартысты да қызықты өтіп, оқушылар өз шеберліктері мен ұйымшылдықтарын көрсете білді.
Жарыс нәтижесінде қыздар командасы жүлделі II орынды иеленсе, ұлдар командасы III орынға қол жеткізді. Бұл – оқушыларымыздың табандылығы мен командалық рухының айқын көрінісі.
Жеңімпаздарымызды құттықтап, алдағы жарыстарда да биік жетістіктерге жете беруіне тілектеспіз! 🏐







