ВКЛ / ВЫКЛ: ИЗОБРАЖЕНИЯ: ШРИФТ: A A A ФОН: Ц Ц Ц Ц
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Бейімбет Майлин ауданы білім бөлімінің

№ 2 Тобыл жалпы білім беретін мектебі» КММ
КГУ «Тобольская общеобразовательная школа №2 отдела образования района Беимбета Майлина» Управления образования акимата Костанайской области

п. Тобол, ул. Бейбітшілік, 73
8 (71436) 2-13-91
tshkz2@mailin-roo.edu.kz

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Бейімбет Майлин ауданы білім бөлімінің

№ 2 Тобыл жалпы білім беретін мектебі» КММ
КГУ «Тобольская общеобразовательная школа №2 отдела образования района Беимбета Майлина» Управления образования акимата Костанайской области

МЕНЮ

Мы рады вас видеть на официальном сайте нашей школы!

Сайт адресован всем, кому интересно знать, чем живет наше
образовательное учреждение.

Перейти в раздел
 

Добро пожаловать на наш сайт !

p 2

Уважаемые  родители, ученики, учителя и гости нашего сайта!

Мы рады приветствовать вас на официальном сайте нашей школы. Сайт адресован всем, кому интересно знать, чем живет наше образовательное учреждение.

Из года в год многое в нашей школе меняется, но одно остается неизменным: школа по-прежнему существует  для детей и старается дать детям пространство благополучия, успеха и безопасности.

Наша школа – это большой, надежный, теплый дом, где есть работа и отдых, праздники и будни, и самое главное, – добрые традиции. Сотрудничество педагогов, обучающихся и их родителей, основанное на взаимоуважении и взаимопомощи, является залогом нашего успеха.

Наша школа  - это учреждение, где активно используются    традиционные, хорошо зарекомендовавшие себя методы обучения. Это школа, в которой создана особая, эмоционально привлекательная среда. Яркая атмосфера общешкольных праздников, конкурсов и мероприятий, концерты, фестивали, творческие игры – вот, чем живут учителя и ученики нашей школы.

Хотите узнать больше? Добро пожаловать на наш сайт.

Мы многое еще можем рассказать о нашей школе. Информация, расположенная на его страницах, позволит познакомиться с историей нашей школы, её традициями и ценностями, успехами и достижениями наших обучающихся в учебе, спорте, искусстве. Мы всегда открыты и будем рады, если сайт станет продолжением общения с нашим коллективом.

Дорогие друзья! Мы приглашаем Вас стать нашими постоянными посетителями и заинтересованными собеседниками, ведь и от ваших предложений во многом будет зависеть, какой станет наша школа завтра!


С уважением, руководитель школы Алиева Гульнар Расуловна!

 

📌 Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Үкімет Оқу-ағарту министрлігі арқылы 2019 жылдан бастап мектепке дейінгі білім беру саласын реформалау бойынша қолжетімділікті, сапаны және ашықтықты арттыруға бағытталған жүйелі жұмыс жүргізуде. Мемлекеттік саясаттың басым міндеттерінің бірі әрбір баланың сапалы мектепке дейінгі тәрбие мен білім алуға құқығын қамтамасыз ету болып саналады.

⚡️ Егер 2019 жылы елімізде 892 мың бала тәрбиеленген 10,5 мың мектепке дейінгі ұйым жұмыс істесе, 2025 жылға қарай мұндай ұйымдардың саны 1 млен-нан астам баланы қамти отырып, 11,8 мыңға дейін өсті. Бұл ретте қамту қуаты аз шағын орталықтардан тұрақты материалдық-техникалық базасы бар толыққанды балабақшалар ашуға көшуді атап өтуге болады.

✅ Кезекке қатысты мәселеде айтарлықтай өзгерістер болды. 2019 жылы мектепке дейінгі орынға кезекте 446 176 бала тұрды. 2025 жылғы 1 қаңтарда бұл көрсеткіш 2 жастан 6 жасқа дейінгі 84 мың балаға дейін қысқарды. Осылайша, алты жыл ішінде кезек күткендер саны шамамен 5 есеге азайды. Бұл мектепке дейінгі мекемелер желісін жүйелі түрде кеңейту, орындарды бөлудің жаңа тәсілдерін енгізу және ваучерлік қаржыландыру сияқты процестерді цифрландыру арқылы мүмкін болды.

Бұрын балабақшаға жазылу рәсімі: шамадан тыс жүктелген электрондық кезек, аумақтық теңгерімсіздік, орындарды бөлудің күмәнді схемалары, жалған қабылдау сынды көптеген қиындықтармен қатар жүретін. Бұл мәселелер әсіресе ірі қалаларда және тез дамып келе жатқан агломерацияларда өткір күйде болды. Бүгінгі таңда бұл қиындықтар цифрлық сервистердің, балаларды есепке алуды автоматтандырудың және мемлекеттік қызметтер көрсетудің ашық рәсімдерін енгізудің арқасында біртіндеп еңсерілуде.

🔄 Мектепке дейінгі саланы қаржыландырудың тиімділігін арттырудағы негізгі қадам – ваучерлік жүйені енгізу. 2024 жылғы 9 шілдеден бастап Тараз қаласында дербестендірілген қаржыландыруды ескере отырып, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру бойынша пилоттық жоба басталды.

➤ Жүйе ата-аналарға ваучер – барлық талаптарға сәйкес келетін кез келген балабақшада (мемлекеттік немесе жеке) пайдалануға болатын жеке «сертификат» беруді көздейді. Бұл ата-аналардың таңдауын кеңейтеді, ұйымдар арасындағы бәсекелестікке ықпал етеді және қызмет сапасын жақсартады. Сонымен қатар жүйе қайталануды және жалған тізімдерді болдырмайды, бұл 27 млрд теңгеден астам үнемдеуге мүмкіндік берді.

➤ Бүгінгі таңда ваучерлік жүйе 12 қала мен 3 ауданда кеңейтілуде. 2025 жылдың соңына дейін жоба бекітілген кестеге сәйкес бүкіл республика бойынша кезең-кезеңімен енгізілетін болады.

✔️ 2024 жылдың қорытындысы бойынша 2 жастан 6 жасқа дейінгі балалардың 93,1%-ы мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтылды. 2025 жылы мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасында көзделгендей қамтуды 95%-ға дейін арттыру, ал 2028 жылға қарай – 100%-ға жету жоспарланып отыр. Бұл тапсырма Президенттің «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым» сайлауалды бағдарламасын іске асыру шеңберінде берілді.

Осылайша, Қазақстан мектепке дейінгі білім беру саласында тұрақты ілгерілеуді көрсетіп отыр. Дәйекті реформалар, цифрландыруға сүйену, ваучерлік қаржыландыруды енгізу және қол жеткізуге басымдықтың берілуі жүйені тиімдірек әрі отбасылардың қажеттіліктеріне бағдарлануын қамтамасыз етеді.

© 2025. Все права защищены.