«Анамның мерекесі» кітап көрмесі
Ана – мейірім мен махаббаттың, қамқорлық пен жылылықтың мәңгілік символы. Әр адамның жүрегінде анаға деген ерекше құрмет пен шексіз алғыс сезімі бар. Ана бізге өмір сыйлап қана қоймай, ақыл-парасатқа, адамгершілікке, мейірімділікке тәрбиелейді. Осы кітап көрмесі аналарға деген құрмет пен сүйіспеншілікті арттыру мақсатында ұйымдастырылды. Көрмеге ана туралы өлеңдер, әңгімелер, романдар мен тәрбиелік мәні зор шығармалар қойылды. Бұл кітаптарда ананың ұлы бейнесі, оның өмірдегі орны мен қадір-қасиеті көркем тілмен бейнеленген. Кітап көрмесі оқырмандарды анаға деген құрметін арттыруға, ананың қадірін терең түсінуге шақырады. Анаға деген алғысымыз бен сүйіспеншілігіміз әрдайым жүрегімізде сақталсын!
Кітапханашы: Алтай И.И







