✅Мәдениет және салт-дәстүр күніне орай мектебімізде «Ұлттық қолөнер – ұлт қазынасы» атты көрме ұйымдастырылды. Көрмеге халқымыздың тұрмыс-тіршілігі мен мәдениетін айшықтайтын ұлттық бұйымдар қойылды.
✅Көрме барысында оқушылар ата-бабамыздан мирас болып қалған ұлттық қолөнердің ерекшеліктерімен танысып, олардың мән-мағынасы мен қолданылуы туралы мәлімет алды. Әрбір бұйым халқымыздың бай мәдениеті мен салт-дәстүрін дәріптеп, ұлттық құндылықтарды құрметтеуге тәрбиелейді.
✅Бұл көрме оқушылардың ұлттық мұраға деген қызығушылығын арттырып, ата-баба дәстүрін қастерлеуге шақырған тағылымды шара болды. 🇰🇿✨
#Nauryznama2026
#ҰлыДалаНаурызы;







