Мектепте жоғары сынып оқушыларымен зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша түсіндірмелік жұмыс жүргізілді. Іс-шара барысында мектеп психологы мен әлеуметтік педагог оқушыларға зорлық-зомбылықтың түрлері, оның психологиялық және құқықтық салдары жөнінде мәлімет беріп, өздерін және өзгелерді қорғау жолдарын түсіндірді. Оқушыларға кикілжіңдерді бейбіт жолмен шешу, бір-біріне құрметпен қарау және қажет жағдайда көмекке жүгіну маңыздылығы айтылды. Сондай-ақ сенім телефондары мен қолдау көрсету орталықтары туралы ақпарат ұсынылды. Кездесу ашық пікір алмасу форматында өтіп, оқушылар өз ойларын еркін жеткізе алды.
Әлеуметтік педагог: Ахметжанова К.А
Мектеп психологы: Лескенов Ы.И