Мектепте 7-10 сынып оқушыларымен кибербуллингтің алдын алу мақсатында тренингтік сағат өткізілді. Іс-шараны мектептің психологы мен әлеуметтік педагогі ұйымдастырып, оқушыларға кибербуллинг ұғымы, оның түрлері, салдары және одан қорғану жолдары жөнінде жан-жақты түсінік берілді. Тренинг барысында оқушылар топтық жаттығуларға қатысып, жағдаяттарды талқылап, өз көзқарастарын білдірді. Сонымен қатар, интернеттегі қауіпсіз мінез-құлық ережелері мен сенім телефондары туралы ақпарат ұсынылды. Тренинг оқушылардың саналы әрі қауіпсіз интернет пайдалануға деген көзқарасын қалыптастыруға бағытталды.
Мектеп психологы: Лескенов Ы.И