Мектепте «Егер қиын болса – қоңырау шал» атты акция өткізілді. Бұл акцияның мақсаты – оқушыларды психологиялық көмекке жүгінуге, қиын жағдайда болған кезде қолдау сұрауға шақыру болды. Мектеп психологы мен әлеуметтік педагог оқушыларға сенім телефондары мен көмек көрсету арналары туралы ақпарат беріп, өздерінің қауіпсіздігі мен психологиялық әл-ауқатын қамтамасыз ету үшін қандай қадамдар жасау керектігін түсіндірді. Акция барысында оқушыларға қиындықтармен бетпе-бет келгенде, жалғыз қалмаудың маңыздылығы туралы айтылды. Сонымен қатар, оқушылар арасында психологиялық қолдау көрсету мәдениетін қалыптастыру мақсатында түрлі бейнемазмұндар мен ақпараттық парақшалар таратылды.
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Бейімбет Майлин ауданы білім бөлімінің
№ 2 Тобыл жалпы білім беретін мектебі» КММ
|
|
---|
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Бейімбет Майлин ауданы білім бөлімінің
№ 2 Тобыл жалпы білім беретін мектебі» КММ
КГУ «Тобольская общеобразовательная школа №2 отдела образования района Беимбета Майлина» Управления образования акимата Костанайской области