«Тірек мектебі – шағын жинақты мектеп» моделі еліміздің барлық өңірінде енгізіледі
✔️ Ғани Бейсембаев ауыл мектептерінің сапасын арттыру бойыныша жүргізіліп жатқан жұмыстардың нәтижесімен бөлісті. Әсіресе, Ақтөбе облысында жүзеге асырылған «Тірек мектебі – шағын жинақты мектеп» моделі тиімділігін көрсетті.
📁 Жоба нәтижесі 2023 жылмен салыстырғанда шағын жинақты ауыл мектептеріндегі білім сапасы орта есеппен 7 пайызға артқанын көрсетті. Облыста цифрлық білім беру экожүйесі қалыптасып, сапалы интернетке қол жеткізу мәселелері шешілді. Осыған байланысты Оқу-ағарту министрлігі оны еліміздің барлық өңірлерінде кеңейтуді ұсынып отыр.
«Жоба аясында Ақтөбе облысында жүргізілген кешенді жұмыстар шағын жинақты мектептердегі білім сапасының артуына ықпал етті. Оқу-ағарту министрлігі ұлттық үйлестіруші ретінде ауыл мектептерінің даму стратегиясын әзірледі. Енді әкімдіктер стратегия негізінде жобаны масштабтау жұмыстарын кезең кезеңімен іске асыруды қамтамасыз етуі қажет», - деп қорытындылады министр.
📍 Айта кету керек, биылғы жылы жобаға Ақмола, Қостанай, Павлодар, Батыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстарындағы 10 тірек және 30 шағын жинақты мектеп тартылуда. 2025 жылдың қаңтарынан бастап жобаға 17 өңірдің 192 тірек және 759 шағын жинақты мектебі қатысады. Ал үшінші кезеңде осы жобаға қалған шағын жинақты мектептердің барлығы толығымен қамтылуы тиіс.
🔹 Модель «Опорная школа — малокомплектные школы» будет внедряться во всех регионах страны
✔️ Гани Бейсембаев поделился результатами реализуемых проектов по повышению качества образования в сельских школах. Наиболее эффективной стала модель «Опорная школа — малокомплектные школы», реализованная в Актюбинской области.
📁 Результаты проекта показали, что по сравнению с 2023 годом качество образования в малокомплектных сельских школах повысилось в среднем на 7%. В области сформирована цифровая экосистема образования, решились вопросы доступа к высококачественному интернета. В связи с этим, Министерством просвещения предлагается масштабировать данный проект во всех регионах страны.
«Комплексная работа, проведенная в Актюбинской области, способствовала повышению качества образования в малокомплектных школах. Министерство просвещения в качестве национального координатора разработало стратегию развития сельских школ. Теперь акиматам необходимо на основе разработанной стратегии обеспечить поэтапную реализацию работ по масштабированию проекта», — подытожил министр.
📍 Отметим, в текущем году к проекту были привлечены 10 опорных и 30 малокомплектных школ Акмолинской, Костанайской, Павлодарской, Западно-Казахстанской и Северо-Казахстанской областей. С января 2025 года в проекте примут участие 192 опорные и 759 малокомплектных школ из 17 регионов. На третьем этапе данным проектом должны быть охвачены все оставшиеся малокомплектные школы