ВКЛ / ВЫКЛ: ИЗОБРАЖЕНИЯ: ШРИФТ: A A A ФОН: Ц Ц Ц Ц
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Бейімбет Майлин ауданы білім бөлімінің

№ 2 Тобыл жалпы білім беретін мектебі» КММ
КГУ «Тобольская общеобразовательная школа №2 отдела образования района Беимбета Майлина» Управления образования акимата Костанайской области

п. Тобол, ул. Бейбітшілік, 73
8 (71436) 2-13-91
tshkz2@mailin-roo.edu.kz

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Бейімбет Майлин ауданы білім бөлімінің

№ 2 Тобыл жалпы білім беретін мектебі» КММ
КГУ «Тобольская общеобразовательная школа №2 отдела образования района Беимбета Майлина» Управления образования акимата Костанайской области

МЕНЮ

Мы рады вас видеть на официальном сайте нашей школы!

Сайт адресован всем, кому интересно знать, чем живет наше
образовательное учреждение.

Перейти в раздел

🧑🏻‍🏫 «Білім берудегі өзгерістердің 1000 көшбасшысы»: тағы 50 резервист басшылық қызметке тағайындалды

✍🏻 2023 жылдан бастап Мемлекет басшысының бастамасымен жаңа форматтағы көшбасшыларды іріктеу мен оқытуға бағытталған «Білім берудегі өзгерістердің 1000 көшбасшысы» жобасы жүзеге асырылуда.

📁 Бағдарламаның бірінші жылында 207 қатысушы республикалық кадр резервіне алынды, оның 180-і мемлекеттік білім беру ұйымдарының басшылары болып тағайындалды. Ал 2024 жылы аяқталған екінші лектің нәтижесінде 376 педагог қабылданды. Олардың 50-і мектеп директоры, 40-қа жуығы директордың орынбасары қызметіне кірісіп кетті.

💼 Жобаға қатысушылардың бірі - Мейрам Бектеміров. Петропавл қаласындағы қалалық мектепте жұмыс істегеннен кейін 2025 жылдың қаңтарында Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданындағы ауылдық мектептің директорына тағайындалды.

«Мен жоба туралы өткен жылы біліп, белсенді түрде дайындала бастадым. Бұл педагогтер үшін үлкен мүмкіндік. Іріктеудің барлық кезеңдерінен сүрінбей өттім. Байқаудың кәсіби шеберлікті ғана бағалап қоймай, күнделікті тапсырмаларға жаңаша көзқараспен қарауға көмектесетінін түсіндім. Бұл тәжірибе басқа тәсілдерді ойлап табуға және кәсібилігімді байытуға мүмкіндік берді. Бүгінгі таңда мектебімізде оқу үдерісін ұйымдастыруды айтарлықтай жеңілдететін ASC Timetable жүйесін пайдалана отырып, инновациялық жоспарлау бағдарламасы енгізілуде. Өңірдегі әріптестеріммен тәжірибемді бөлісемін,- деді Мейрам Бектеміров.

📊 Айта кетейік, ҚР Оқу-ағарту министрлігі Мемлекет басшысының тапсырмасымен 2023 жылдан бастап Президенттік жастар кадрлық резервінің үлгісімен жобаны жүзеге асыруда. 2024 жылы жобаға қатысуға ниет білдірушілер саны алдыңғы жылға қарағанда 2,5 есеге артқан. Бағдарламаға балабақша, мектеп және колледж мұғалімдері қатысуда.

📌 Іріктеу бес кезең бойынша өтті: кәсіби және басқарушылық құзыреттерді бағалау бойынша тестілеу, оқу, еліміздің жетекші мектептерінде тағылымдамадан өту, қорытынды бағалау және республикалық комиссиядан әңгімелесуден өту.

© 2025. Все права защищены.