Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Бейімбет Майлин ауданы білім бөлімінің
№ 2 Тобыл жалпы білім беретін мектебі» КММ
КГУ «Тобольская общеобразовательная школа №2 отдела образования района Беимбета Майлина» Управления образования акимата Костанайской области
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Бейімбет Майлин ауданы білім бөлімінің
№ 2 Тобыл жалпы білім беретін мектебі» КММ
КГУ «Тобольская общеобразовательная школа №2 отдела образования района Беимбета Майлина» Управления образования акимата Костанайской области
🏫 «Келешек мектептері» жобасы – жоғары сапалы білім беру стандарттарын жаппай енгізу арқылы, әр баланың жан-жақты дамуына және өз әлеуетін толық ашуға теңдей мүмкіндіктер жасалуда
🏫 Реализация проекта «Келешек мектептері» ориентирована на массовое внедрение высоких стандартов качества образования, что позволит каждому ребенку получить возможности для полноценного развития и раскрытия своего внутренного потенциала
Мектебіміздегі жазғы лагерь өз жұмысын бастап, балаларға көтеріңкі көңіл күй мен қызықты демалыс сыйлауда. Лагерьдің негізгі мақсаты – балалардың жазғы демалысын тиімді әрі мазмұнды өткізу, шығармашылық қабілеттерін дамыту және салауатты өмір салтын қалыптастыру. Сонымен қатар, лагерь барысында түрлі спорттық жарыстар, мәдени-танымдық іс-шаралар, шығармашылық үйірмелер мен табиғатқа серуендер ұйымдастырылады. Мұның барлығы балалардың жан-жақты дамуына, достар табуына және жақсы әсер алуына ықпал етеді.
🟦1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай еліміздің барлық өңірінен келген оқушылар Ақордада қонақ болды.
🟦Қазақстан Республикасы Президентінің резиденциясына оқу үздіктері, пән олимпиадаларының, республикалық және халықаралық байқаулардың жеңімпаздары, спорт сайыстарының жүлдегерлері, батыл әрекетімен көзге түскен балалар келді. Ақорданың кішкентай қонақтарының қатарында көпбалалы отбасылардан шыққан, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған және ерекше қажеттілігі бар жеткіншектер де болды.
🟦Экскурсия кезінде оқушылар Ақорданың орталық салтанатты холы мен ресми қабылдаулар өткізуге арналған залдарды, Мемлекет басшысының кітапханасын, сондай-ақ резиденция аумағындағы бақты аралады.
🟦Экскурсоводтар ғимарат құрылысының тарихы, оның ерекшеліктері мен мұнда өтетін іс-шараларға байланысты қызықты фактілер жайында мәлімет берді.
🎁 Сонымен қатар оқушыларға Президент атынан естелік сыйлықтар табысталды.
🟦Өңірлерден келген балалар елорданың көрікті орындарын да аралайды.
🟦Биыл Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған іс-шаралар алгоритмі «Қазақстан балалары» бірыңғай тұжырымдамасына сай түзілді. 22 мамырдан басталып 1 маусымға дейін жалғасатын онкүндік аясында отбасы, қауіпсіздік, денсаулық, білім беру, бала құқығын қорғау секілді маңызды мәселелерге баса назар аударылды.
🟦Ел аумағында отбасылық, ағартушылық, қайырымдылық бағыттарындағы рәсімдер, көрмелер, спорттық турнирлер, экологиялық акциялар, дәрігерлер мен психологтардың қабылдаулары ұйымдастырылды. Декаданың бір күні цифрлық технологияларды ілгерілетуге және цифрлық ортада балаларды қорғауға арналды.
– Балаларды қорғау күні құтты болсын! Жас ұрпаққа тағылымды тәрбие, сапалы білім беріп, олардың бойына асыл қасиеттерді сіңіру – баршаға ортақ парыз. Мемлекет балалардың жан-жақты дамуына барлық жағдайды жасай береді. Әрбір бүлдіршіннің балалық шағы бақытты, болашағы баянды болсын! – деп жазды Президент Х әлеуметтік желідегі өзінің парақшасында.
Глава государства Касым-Жомарт Токаев поздравил с Днем защиты детей
– Поздравляю с Днем защиты детей! Воспитать подрастающее поколение, дать ему лучшие знания и привить высокие моральные качества – наш общий долг. Государство создает все условия для всестороннего развития детей. Желаю каждому ребенку счастливого детства и светлого будущего! – написал Президент на своей странице в социальной сети Х.
⚜️«Келешек мектептері» жобасында инклюзивті білім беруге ерекше көңіл бөлінуде.
🏢Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды оқыту үшін қолайлы жағдайлар жасалған: жеке санитарлық бөлмелері бар кең кабинеттер қарастырылған. Мектептерде жеделсаты, пандустар, арнайы белгілер орнатылған, сондай-ақ психолог, логопед және дефектолог кабинеттері жабдықталған.
«Учительская плюске» жазылу – жұмысыңыздағы үлкен плюс
Маусым айының 25-іне дейін 2025 жылдың екінші жартыжылдығына жазылу науқаны жүріп жатыр. «Учительская плюс» газетіне жазылуға асығыңыз. Облысымыздағы жалғыз салалық басылыммен ынтымақтастық – бұл өңіріміз бен еліміздің білім беру саласында болып жатқан оқиғалары туралы нақты мәліметтерден хабардар болу, өз жетістіктеріңіз бен оқушыларыңыздың жеткен биігі жайлы желідегі оқырмандарыңызға ғана емес, кең қоғамдық аудиторияға жеткізумен қатар кәсіби шеберлігіңізбен бөлісіп, имидждік жобаларға қатысу мүмкіндігі. Әсіресе, аттестациядан өтуді жоспарлап жүрген педагогтер үшін жазылуды уақытында рәсімдеу аса маңызды. «Учительская плюс» газетінің беттерінде жарияланған материалдар «педагог-зерттеуші», «педагог-шебер» және басқа да санаттарды алу кезінде ескерілетінін естеріңізге саламыз. Аймақтағы жалғыз білім беру газетінің сенімді қолдауына дер кезінде ие болу үшін жазылуды кейінге қалдырмаңыз!
Жазылу бағасы
Жартыжылдыққа: жеке тұлғалар – 4900 теңге; заңды тұлғалар – 6400 теңге.
Бір жылға: жеке тұлғалар – 8500 теңге; заңды тұлғалар – 12000 теңге.
Басылым индекстері
Жартыжылдыққа жазылу үшін: жеке тұлғалар – 54834 (қала), 54838 (ауыл); заңды тұлғалар – 54836 (қала), 54840 (ауыл).
Бір жылға жазылу үшін: жеке тұлғалар – 54835 (қала), 54839 (ауыл) заңды тұлғалар – 54837 (қала), 54841 (ауыл).
Жазылу пункттері «Қазпошта» АҚ кез келген бөлімшелерінде, сондай-ақ «Евразия Пресс» (Қостанай қ., Байтұрсынов көшесі, 55, «Зеленое яблоко» газетінің ғимараты) және «Экспресс Пресса» ЖШС (әл-Фараби даңғылы, 119, 202-каб.) орналасқан. Газетке онлайн жазылуға да болады: ол үшін https://post.kz/internet-subscription сілтемесі арқылы тіркелу немесе Post.kz мобильді қосымшасын орнату қажет.