Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Бейімбет Майлин ауданы білім бөлімінің
№ 2 Тобыл жалпы білім беретін мектебі» КММ
КГУ «Тобольская общеобразовательная школа №2 отдела образования района Беимбета Майлина» Управления образования акимата Костанайской области
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Бейімбет Майлин ауданы білім бөлімінің
№ 2 Тобыл жалпы білім беретін мектебі» КММ
КГУ «Тобольская общеобразовательная школа №2 отдела образования района Беимбета Майлина» Управления образования акимата Костанайской области
✍️ Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік наградалар, білім беру және баланың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.
⚡️ Бүгінде елімізде 772 техникалық және кәсіптік білім беру ұйымы жұмыс істейді, онда 565 мың студент оқиды, оның 177 мыңы биыл қабылданды.
✔️ Қосарлы оқыту жүйесімен 94 мың студент қамтылды. 2024 жылдың қорытындысы бойынша еліміздің колледждерінде мемлекеттік білім беру тапсырысының көлемі 143 мың орынға ұлғайды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 10 мыңға артық. Студенттерді сұранысқа ие мамандықтар бойынша тегін техникалық және кәсіптік біліммен қамту 90% құрады. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша мемлекеттік тапсырыстың 65% машина жасау, көлік, энергетика, IT, құрылыс және инженерияны қоса алғанда, техникалық мамандықтарға бағытталған. Қазақстанда колледж түлектерін жұмысқа орналастыру көрсеткіші 79% құрайды.
🔷 Колледждерде кадрлар даярлау өңірлік экономиканы ескере отырып жүзеге асырылады. Бүгінгі таңда 195 колледжді бейіндеу және үлкейту жұмыстары басталды.
📊 Бұдан бөлек, колледждерде 160 стартап-жоба іске қосылды, 104 колледждің материалдық-техникалық базасы жаңартылды. Кәсіби стандарттардың, жоғары білімнің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты және WorldSkills стандарттарының талаптарын ескере отырып, 8 мыңға жуық білім беру бағдарламасы әзірленді. Оқытуда тиімді озық әдістемелер мен тәсілдерді тарату мақсатында локомотив-колледждер айқындалды, қазіргі заманғы колледждер базасында 3 IT-орталық құрылды.
⏩ Колледж студенттерін қолдау мақсатында стипендиялық төлемдердің мөлшері екі есеге ұлғайды: 2023 ж. – 50%, 2024 ж. – 50%, 300 мыңнан астам студент қамтылды. Жатақханаға мұқтаж студенттердің 87%-дан астамы жатақханаларда орындармен қамтамасыз етілген. Биыл 1,2 мың орындық 4 жатақхана пайдалануға берілді.
Қазақстандық оқушылар мен мұғалімдер әлемдік жетістіктермен танылып, марапаттар иеленді
💠 Биылғы жылдың ең үлкен жетістіктерінің бірі - халықаралық олимпиаданың әрбір екінші қатысушысы елімізден жүлделі орындармен оралды.
⚡️ IChO химия бойынша ең беделді халықаралық олимпиадада және «First Global Challenge» робототехника бойынша әлем чемпионатында қазақстандық оқушылар 190 елдің өкілдерін басып озып, екі Олимпиадада үш дүркін әлем чемпионы атанды. Еліміздің құрама қоржыны барлығы 563 медальмен толықтырылды, оның ішінде 77 алтын, 201 күміс және 285 қола. Үздік 7 беделді олимпиадада жүлделі орындарға ие болған 26 қазақстандық оқушы ақшалай сыйлықтармен марапатталды.
✔️ Екі жыл қатарынан ауыл мектептерінің оқушыларына арналған республикалық пәндік олимпиада өткізіледі. Оның қорытындысы бойынша жүлделі орындарға ие болған ауыл оқушыларының саны 10 есеге артты, бұл мыңдаған балаларға жаңа мүмкіндіктер ашты.
🎖 Ел тарихында тұңғыш рет бірден екі педагог «Қазақстанның Еңбек ері» атағына ие болып, ерекше құрмет белгісі – Алтын жұлдыз және «Отан» ордені табысталды. Бұл еліміздің педагогтарының еңбегіне Президент көрсеткен жоғары баға, құрмет пен сенім. Сонымен қатар Мемлекет басшысының қолынан 27 педагог «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» атағына ие болды. Республикалық байқаудың қорытындысы бойынша тағы 64 педагог «Үздік педагог» мәртебесіне ие болды. Барлық 93 педагогқа 3,9 млн теңге мөлшерінде мемлекеттік сыйлық тағайындалды.
Мектеп инфрақұрылымын жаңартудың оқу процесіне оң әсері
✔️ Жыл қорытындысы бойынша елімізде 200 мыңнан астам оқушы орны құрылды. Оның ішінде білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры есебінен 23 нысан бар. Республикалық және жергілікті бюджет қаражаты, сондай-ақ инвестициялар тарту есебінен – 126 мектеп.
➡️ Бұрын-соңды болмаған мектеп салу шаралары үш ауысыммен байланысты проблемаларды айтарлықтай қысқартты. Бүгінде елімізде 3 мыңға жуық мектеп бір ауысымда жұмыс істейді. Сонымен қатар 254 орта оқу орны күрделі жөндеуден өтті, 967 мектеп үшін 1621 заманауи пәндік кабинет (робототехника, химия, биология, физика, STEM) сатып алынды. 1 мың ауылдық мектеп жаңғыртылды. 10 мыңнан астам білім беру ұйымдарының қауіпсіздік жүйелерімен техникалық жарақтандырылуы арттырылды.
⚡️ Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша білім беруді цифрландыру процесін жеделдету бойынша кешенді жұмыс жүргізілді. 2024 жылдың қорытындысы бойынша интернет жылдамдығы мектептердің 19%-дан 90%-ға дейін ұлғайды. Қазақстандық мектептерде сапалы интернет көрсеткіші 3 есеге артты. Бұл ретте мектеп оқулықтарының 100%-ы цифрлық форматқа ауыстырылды және 11 платформада қолжетімді.
🔷 Астана, Маңғыстау, Ақмола және Батыс Қазақстан облыстарының 215 мектебінде тиісті санаттағы балаларды тегін тамақтандыруға арналған «Әлеуметтік әмиян» пилоттық жобасы іске асырылуда.
📌 Елімізде мектепке дейінгі білім беруді қолжетімді ету және оның сапасын арттыру мақсатында балабақшаларды қаржыландыру жүйесі қайта қаралды. Жаңа өзгеріс бойынша ата-аналар баласына балабақшаны өзі таңдай алады және баланың білім алуына қажетті қаржы мемлекеттен тікелей мектепке дейінгі ұйымға емес, баланың артынан таңдалған мекемеге берілетін болады. Мұндай механизм жекедегі және мемлекеттік балабақшалар арасында бәсекелестік қалыптастыруға бағытталған. Өйткені олардың басшылығы мүмкіндігінше көбірек бала тарту үшін білім беру сапасын арттыруға және білікті тәрбиешілерді жұмысқа алуға мәжбүр болады.
🗺 Қазіргі уақытта бұл механизм Қазақстанның төрт қаласында – Таразда, Шымкентте, Түркістанда және Оралда пилоттық режимде енгізілген. Алдағы уақытта оны бүкіл ел бойынша масштабтау жоспарлануда.
⏩ Мектепке дейінгі ұйымдарда мектепке дейінгі ұйымдарға бармайтын балалардың ата-аналары үшін 4,2 мыңнан астам консультациялық пункт жұмыс істейді. Бұл тармақ балаларды тәрбиелеу мен дамытуға маңызды көмек көрсетеді, оларды оқыту мен мектепке дайындаудың тең бастапқы жағдайларын қамтамасыз етеді. Ағымдағы жылы 328 мыңнан астам ата-ана мен балаға әдістемелік және педагогикалық қолдау көрсетілді.