Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Бейімбет Майлин ауданы білім бөлімінің
№ 2 Тобыл жалпы білім беретін мектебі» КММ
КГУ «Тобольская общеобразовательная школа №2 отдела образования района Беимбета Майлина» Управления образования акимата Костанайской области
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Бейімбет Майлин ауданы білім бөлімінің
№ 2 Тобыл жалпы білім беретін мектебі» КММ
КГУ «Тобольская общеобразовательная школа №2 отдела образования района Беимбета Майлина» Управления образования акимата Костанайской области
– Балаларды қорғау күні құтты болсын! Жас ұрпаққа тағылымды тәрбие, сапалы білім беріп, олардың бойына асыл қасиеттерді сіңіру – баршаға ортақ парыз. Мемлекет балалардың жан-жақты дамуына барлық жағдайды жасай береді. Әрбір бүлдіршіннің балалық шағы бақытты, болашағы баянды болсын! – деп жазды Президент Х әлеуметтік желідегі өзінің парақшасында.
Глава государства Касым-Жомарт Токаев поздравил с Днем защиты детей
– Поздравляю с Днем защиты детей! Воспитать подрастающее поколение, дать ему лучшие знания и привить высокие моральные качества – наш общий долг. Государство создает все условия для всестороннего развития детей. Желаю каждому ребенку счастливого детства и светлого будущего! – написал Президент на своей странице в социальной сети Х.
⚜️«Келешек мектептері» жобасында инклюзивті білім беруге ерекше көңіл бөлінуде.
🏢Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды оқыту үшін қолайлы жағдайлар жасалған: жеке санитарлық бөлмелері бар кең кабинеттер қарастырылған. Мектептерде жеделсаты, пандустар, арнайы белгілер орнатылған, сондай-ақ психолог, логопед және дефектолог кабинеттері жабдықталған.
«Учительская плюске» жазылу – жұмысыңыздағы үлкен плюс
Маусым айының 25-іне дейін 2025 жылдың екінші жартыжылдығына жазылу науқаны жүріп жатыр. «Учительская плюс» газетіне жазылуға асығыңыз. Облысымыздағы жалғыз салалық басылыммен ынтымақтастық – бұл өңіріміз бен еліміздің білім беру саласында болып жатқан оқиғалары туралы нақты мәліметтерден хабардар болу, өз жетістіктеріңіз бен оқушыларыңыздың жеткен биігі жайлы желідегі оқырмандарыңызға ғана емес, кең қоғамдық аудиторияға жеткізумен қатар кәсіби шеберлігіңізбен бөлісіп, имидждік жобаларға қатысу мүмкіндігі. Әсіресе, аттестациядан өтуді жоспарлап жүрген педагогтер үшін жазылуды уақытында рәсімдеу аса маңызды. «Учительская плюс» газетінің беттерінде жарияланған материалдар «педагог-зерттеуші», «педагог-шебер» және басқа да санаттарды алу кезінде ескерілетінін естеріңізге саламыз. Аймақтағы жалғыз білім беру газетінің сенімді қолдауына дер кезінде ие болу үшін жазылуды кейінге қалдырмаңыз!
Жазылу бағасы
Жартыжылдыққа: жеке тұлғалар – 4900 теңге; заңды тұлғалар – 6400 теңге.
Бір жылға: жеке тұлғалар – 8500 теңге; заңды тұлғалар – 12000 теңге.
Басылым индекстері
Жартыжылдыққа жазылу үшін: жеке тұлғалар – 54834 (қала), 54838 (ауыл); заңды тұлғалар – 54836 (қала), 54840 (ауыл).
Бір жылға жазылу үшін: жеке тұлғалар – 54835 (қала), 54839 (ауыл) заңды тұлғалар – 54837 (қала), 54841 (ауыл).
Жазылу пункттері «Қазпошта» АҚ кез келген бөлімшелерінде, сондай-ақ «Евразия Пресс» (Қостанай қ., Байтұрсынов көшесі, 55, «Зеленое яблоко» газетінің ғимараты) және «Экспресс Пресса» ЖШС (әл-Фараби даңғылы, 119, 202-каб.) орналасқан. Газетке онлайн жазылуға да болады: ол үшін https://post.kz/internet-subscription сілтемесі арқылы тіркелу немесе Post.kz мобильді қосымшасын орнату қажет.
23 мамыр күні №2 Тобыл жалпы білім беретін мектебінде «Білімім – Отаным!» атты сынып сағаты өтті. Іс-шараға 1-11 сынып оқушылары толық қатысты. Бұл сынып сағаты оқушылардың туған еліне деген сүйіспеншілігін арттыру, білімнің маңызын түсіндіру және патриоттық тәрбие беру мақсатында ұйымдастырылды. Шара барысында оқушылар еліміздің тарихы мен жетістіктері туралы қызықты деректермен танысып, білімнің әр адам өміріндегі орны ерекше екендігін талқылады. Мектептің ұстаздары мен тәрбиешілері оқушыларға ізгі тілектерін айтып, әрқайсысының болашағына сенім білдірді. Сынып сағаты мерекелік көңіл-күйде өтті, балалар өздерінің Отанға деген сүйіспеншіліктерін өлеңдер мен әндер арқылы да жеткізді. Шара соңында барлық оқушылар бір-бірін болашаққа деген үлкен сеніммен қолдап, білім жолында табыстар тіледі.
«23 мамыр күні №2 Тобыл жалпы білім беретін мектебінде дәстүрлі соңғы қоңырау салтанаты өтті. Бұл шарада мектеп түлектері мен ұстаздары оқу жылын қорытындылап, болашаққа үлкен үмітпен қадам басты.»
🎒 Білім беру басшылығындағы бір күн: оқушылар ҚР Оқу-ағарту министрлігінде экскурсияда болды
⚡️ Бүгін ҚР Оқу-ағарту министрлігінде ерекше кездесу өтті. Министр Ғани Бейсембаев дарынды мектеп оқушыларын – халықаралық және республикалық олимпиадалардың жеңімпаздарын, оқу озаттарын, белсенділер мен өмірлік қиын жағдайларда батылдық танытқан жас өрендерді қабылдады.
✍🏻 Кездесу Мемлекет басшысының тапсырмасымен жарияланған «Қазақстан балалары» онкүндігі аясында өтіп жатқан «Бала үні» күніне арналды.
🔎 Министрлік ғимаратында өткен жылы әрі бейресми кездесуде оқушылар министрге оның балалық шағы, мектептегі жылдары, сүйікті кітаптары мен мамандықты қалай таңдағаны жайында сұрақтар қойып, бала үнінің естілуінің білім беру жүйесіндегі маңызы туралы пікір алмасты. Сондай-ақ мектеп өмірін жақсарту, таланттарды тану, қауіпсіздік шараларын күшейту, өзін-өзі дамыту мен балаларды қолдауға бағытталған ой-пікірлер талқыланды.
«Бүгін мен мемлекет тарапынан қолдау мен қамқорлықты шын сезіндім. Бұл мені жақсы оқуға, биік жетістіктерге ұмтылып, туған халқым үшін пайдалы болуға ынталандырады», – деп өз әсерімен бөлісті Астана қ. әкімдігінің Райымбек батыр атындағы №50 «Қазғарыш» мектеп-лицейінің 7-ші сынып оқушысы Тимур Пак.
✨ Кездесудің ерекше сәті – оқушылар министр орындығына отырып, өздерінің алғашқы сабақ өткізу форматтарын жаңарту, оқушылардың белсенділігін арттыру сынды «шешімдерін» ұсынуы болды. Бұл онкүндіктің басты идеясы – баланың қоғамдағы толыққанды диалог иесі екенін айқын көрсетті.
«Біз сіздердің болашақтарыңыз жарқын болуы үшін жұмыс істейміз. Білім беру саласындағы әрбір бастаманы қолға аларда ең алдымен балалардың не ойлайтынын, не сезінетінін және не ұсынатынын ұғыну керек», – деді министр.
👦🏻 Кездесуден кейін балалар министрлік бөлімдерінің жұмысымен танысып, еліміздің білім беру жүйесіне қатысты шешімдердің қалай қабылданатынын өз көздерімен көрді.
👏🏻 Сондай-ақ Ғани Бейсембаев оқушыларды оқу жылының аяқталуымен және Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтап, естелік сыйлықтар табыстады. Әр оқушыға шынайылығы мен белсенді ұстанымы үшін алғыс айтты. Министрмен естелікке фотоға түсу – бұл күннің балалар үшін маңыздылығын айқындаған әсерлі сәттердің бірі болды.