ВКЛ / ВЫКЛ: ИЗОБРАЖЕНИЯ: ШРИФТ: A A A ФОН: Ц Ц Ц Ц
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Бейімбет Майлин ауданы білім бөлімінің

№ 2 Тобыл жалпы білім беретін мектебі» КММ
КГУ «Тобольская общеобразовательная школа №2 отдела образования района Беимбета Майлина» Управления образования акимата Костанайской области

п. Тобол, ул. Бейбітшілік, 73
8 (71436) 2-13-91
tshkz2@mailin-roo.edu.kz

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Бейімбет Майлин ауданы білім бөлімінің

№ 2 Тобыл жалпы білім беретін мектебі» КММ
КГУ «Тобольская общеобразовательная школа №2 отдела образования района Беимбета Майлина» Управления образования акимата Костанайской области

МЕНЮ

Мы рады вас видеть на официальном сайте нашей школы!

Сайт адресован всем, кому интересно знать, чем живет наше
образовательное учреждение.

Перейти в раздел

АТА-АНАЛАР ҚАУЫМДАСТЫҒЫМЕН ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ

Мектебімізде ата-аналар қауымдастығымен дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
Іс-шараның тақырыбы:
«Мектеп – ата-ана – оқушы: бірлесе әрекет етудің маңызы».
Дөңгелек үстелдің негізгі мақсаты – мектеп пен ата-аналар қауымдастығы арасындағы өзара ынтымақтастықты нығайту, бала тәрбиесіндегі өзекті мәселелерді бірлесе талқылау, ата-аналардың педагогикалық мәдениетін арттыру.
Іс-шара барысында мектеп басшысы Г. Алиева сөз сөйлеп, мектеп пен ата-ана арасындағы серіктестіктің маңыздылығына тоқталды.
Мектеп психологы Лескенов Ы. ата-аналарға арналған тренинг өткізіп, бала тәрбиесіндегі психологиялық қолдау туралы пайдалы кеңестер берді.
Әлеуметтік педагог Ахметжанова К. құқық бұзушылықтың алдын алу бағытында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, ата-аналармен ашық пікір алмасты.
Кездесу барысында бейнематериал көрсетіліп, мазмұны жан-жақты талқыланды. Әр сыныпта кездесетін өзекті мәселелер қозғалып, ата-аналар мен педагогтер арасында еркін пікір алмасу орын алды. Нәтижесінде бірқатар мәселелер бойынша ортақ шешімдер қабылданып, нақты ұсыныстар жасалды.
Осындай мазмұнды кездесулер мектеп пен ата-ана арасындағы байланысты нығайтып, оқушылардың тәрбиесі мен қауіпсіз дамуына оң әсерін тигізеді.

Ұйымдастырушы: Тжо А.Алькеева

WhatsApp Image 2026 02 23 at 14.50.03 1

© 2026. Все права защищены.