ВКЛ / ВЫКЛ: ИЗОБРАЖЕНИЯ: ШРИФТ: A A A ФОН: Ц Ц Ц Ц
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Бейімбет Майлин ауданы білім бөлімінің

№ 2 Тобыл жалпы білім беретін мектебі» КММ
КГУ «Тобольская общеобразовательная школа №2 отдела образования района Беимбета Майлина» Управления образования акимата Костанайской области

п. Тобол, ул. Бейбітшілік, 73
8 (71436) 2-13-91
tshkz2@mailin-roo.edu.kz

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Бейімбет Майлин ауданы білім бөлімінің

№ 2 Тобыл жалпы білім беретін мектебі» КММ
КГУ «Тобольская общеобразовательная школа №2 отдела образования района Беимбета Майлина» Управления образования акимата Костанайской области

МЕНЮ

Мы рады вас видеть на официальном сайте нашей школы!

Сайт адресован всем, кому интересно знать, чем живет наше
образовательное учреждение.

Перейти в раздел

«№2 Тобыл жалпы білім беретін мектебі» КММ-де 5-11 сынып оқушыларының ата-аналарына арналған «Аутодиструктивті мінез-құлықтың алдын-алу» тақырыбында жиналыс өтті. Жиналыстың мақсаты — ата-аналарды аутодиструктивті мінез-құлық, оның себептері мен салдары туралы ақпараттандыру, сондай-ақ балалар мен жасөспірімдер арасында осындай мінез-құлықтың алдын алу шараларын көрсету болды.
ТЖО А.Алькеева ата-аналарға «Жүрек жылуы» атты интерактивті тренинг жүргізіп, қатысушылардың өзара қарым-қатынас дағдыларын дамытуға, психологиялық қолдау көрсетуге және балалармен дұрыс байланыс орнатуға бағытталған жаттығулар ұйымдастырды. Сонымен қатар, ол кәмелет жасқа толмағандар арасындағы аутодиструктивті мінез-құлықтың алдын алуға бағытталған бағдарламалардың маңыздылығына, олардың педагогикалық және психологиялық мәніне тоқталды.
Педагог-психолог Ы.Лескенов практикалық кезеңде арнайы видеоматериалдар көрсетті және оларды бірге талқылау арқылы ата-аналардың назарын нақты мысалдар арқылы аударды. Қатысушылар жағдаяттық тапсырмаларды орындап, өз тәжірибелерімен бөлісті.
Әлеуметтік педагог К.Ахметжанова қатысушыларды топтарға бөліп, тақырыпқа байланысты талқылаулар жүргізді, ой-пікір алмасуға жағдай жасады. Жиналыс соңында қатысушыларға арнайы жадынамалар таратылып, қажетті ақпарат толық жеткізілді.
Жиналыс өте жоғары деңгейде өтіп, ата-аналар тарапынан белсенді қатысу мен оң пікірлер алынды. Ұйымдастырушылардың кәсіби жұмысы мен қатысушылардың ынтасы бірлесе тиімді нәтиже берді.

WhatsApp Image 2026 02 23 at 14.50.01 1

© 2026. Все права защищены.