8-наурыз Халықаралық әйелдер мерекесіне орай педагог-психолог Ы. Лескеновтің бастамасымен «Ана – өмірдің шуағы» атты мазмұнды тимбилдинг ұйымдастырылды. Іс-шараның басты мақсаты – ананың қоғамдағы және отбасыдағы рөлін дәріптеу, әйел затына деген құрмет пен ізетті арттыру, ұжым арасындағы ынтымақтастықты нығайту болды.
Тимбилдинг барысында қатысушылар түрлі психологиялық жаттығулар мен сергіту сәттеріне қатысып, ананың мейірімі мен махаббатының шексіздігін сезінуге мүмкіндік алды. Топтық жұмыстар арқылы бірлік пен өзара қолдау құндылықтары насихатталды. Қатысушылар жүрекжарды лебіздерін білдіріп, анаға деген алғыстарын жеткізді.
Шара жылы атмосферада өтіп, көтеріңкі көңіл күй сыйлады. «Ана – өмірдің шуағы» тимбилдингі ұжым мүшелерінің рухани байланысын арттырып, мерекелік көңіл күймен тарқасты.







