Тақырып:
"Болашаққа қадам: Менің 1 жылдан кейінгі бейнем"
Мақсаты:
Оқушыларға кәсіби бағдар беру барысында өз болашақтарын елестетіп, армандарына нақты көзқарас қалыптастыру. Қатысушыларға өздерінің болашақ жоспарлары мен мақсаттарын шығармашылық тұрғыда бейнелеуге мүмкіндік беру арқылы өзін-өзі тану және болашақтағы жетістіктерін нақтылау.
Барысы:
- Кіріспе бөлім: Жетекші оқушыларға тренингтің мақсатын түсіндіреді және әр қатысушыға үлпілдек ермексаз беріледі.
- Тапсырма: Оқушылардан 1 жылдан кейінгі өз бейнелерін, яғни жетістіктері, мақсаттары мен армандарын ермексаз арқылы бейнелеу сұралады. Оларға 10-15 минут уақыт беріледі.
- Презентация: Әр оқушы өз жасаған мүсінін таныстырып, болашақ туралы ойын айтып береді. Олар болашақта кім болғысы келетінін, қандай жетістіктерге жетуді көздейтінін қысқаша сипаттайды.
- Талқылау: Әр оқушының пікірін тыңдаған соң, жетекші қатысушылардың болашаққа деген сенімдерін, күшті жақтарын талқылауға бағыттайды.
Қорытынды:
Бұл тренинг оқушыларға өз болашағын анық көруге көмектесіп, мақсаттарына жету жолында жігерлендірді. Әр оқушы өз армандары мен жоспарларын нақтылап, келешекке деген көзқарасын қалыптастырды. Шығармашылық тәсіл арқылы олар өз ойларын нақты жеткізе алды және өзара пікір алмасып, қолдау көрсетті.
Ұсыныс:
- Осындай тренингтерді жүйелі түрде өткізіп, оқушылардың мақсаттарын жетілдіруге көмектесу.
- Оқушыларға болашақ мамандықтар мен оларды дамыту жолдары туралы ақпарат беру үшін кәсіби бағдар беру мамандарын шақыру.
- Оқушылардың мақсаттарына жетуге қажетті дағдыларды дамытуға бағытталған мастер-класстар ұйымдастыру.
- Әр оқушыға 1 жылдан кейін өз мақсаттарына жету жолындағы жетістіктерін бақылауға көмектесетін жеке жоспар құруды ұсыну.
https://www.instagram.com/reel/DCGWEKHNPjg/?igsh=MnVvYnd0eXA2dmJk