ВКЛ / ВЫКЛ: ИЗОБРАЖЕНИЯ: ШРИФТ: A A A ФОН: Ц Ц Ц Ц
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Бейімбет Майлин ауданы білім бөлімінің

№ 2 Тобыл жалпы білім беретін мектебі» КММ
КГУ «Тобольская общеобразовательная школа №2 отдела образования района Беимбета Майлина» Управления образования акимата Костанайской области

п. Тобол, ул. Бейбітшілік, 73
8 (71436) 2-13-91
tshkz2@mailin-roo.edu.kz

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Бейімбет Майлин ауданы білім бөлімінің

№ 2 Тобыл жалпы білім беретін мектебі» КММ
КГУ «Тобольская общеобразовательная школа №2 отдела образования района Беимбета Майлина» Управления образования акимата Костанайской области

МЕНЮ

Біз сіздермен сәлемдесуге
қуаныштымыз мектебіміздің ресми сайтында!

Сайт біздің қалай екенімізді білгісі келетіндердің
барлығына арналған оқу орны.

Бөлімге өтіңіз

Мектебімізде жол жүру қауіпсіздігін сақтау мақсатында АӘТД пәнінің жетекшісі оқушылармен арнайы түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Шараның негізгі мақсаты – оқушылардың жолда жүру мәдениетін қалыптастыру, жол-көлік оқиғаларының алдын алу және қауіпсіздік ережелерін сақтау дағдыларын арттыру болды.

Түсіндірме барысында оқушыларға жолда өзін дұрыс ұстау, жаяу жүргіншілерге арналған өткелдерден өту тәртібі, бағдаршам белгілеріне бағыну, сондай-ақ жол белгілерінің мағынасы жан-жақты түсіндірілді. Сонымен қатар, жолда абай болу, көлік құралдарына жақын ойнамау, түнгі уақытта жарық шағылыстырғыш элементтерді пайдалану секілді маңызды ережелерге ерекше назар аударылды.

Оқушылар белсенділік танытып, өз ойларын ортаға салып, түрлі сұрақтар қойды. Практикалық мысалдар мен өмірлік жағдайлар арқылы түсіндірілген ақпарат олардың қызығушылығын арттырып, есте сақтауына оң әсер етті.

WhatsApp Image 2026 04 24 at 10.11.22 1

© 2026. Все права защищены.