Мектебімізде оқушылармен «Қазіргі қоғамдағы әйелдердің рөлі бұрынғыдан өзгерді ме?» тақырыбында дебат ойыны өтті.
Пікірсайыс барысында қатысушылар әйелдердің қоғамдағы орны туралы өз көзқарастарын білдіріп, өткен мен бүгінді салыстырды. Бір топ бұрынғы кезеңдегі әйелдің рөлі көбіне отбасы тәрбиесімен шектелгенін айтса, екінші тарап қазіргі таңда әйелдер білім, ғылым, саясат, бизнес салаларында белсенді екенін дәлелдермен қорғады.
Оқушылар өз ойларын нақты мысалдармен негіздеп, тарихи тұлғалар мен заманауи жетістіктерді алға тартты. Пікірталас мәдениеті сақталып, әр қатысушы қарсы тараптың ойын құрметтей отырып, дәлелді сөйлеуге тырысты.







