№2 Тобыл жалпы білім беретін мектебінде бракераждық комиссияның тексерісі туралы мәлімет
13.02.2026 ж. бракераж комиссия мүшелері мектеп асханасына жоспарлы тексеру жүргізді. Тексеру барысында асхананың жаңа оқу тоқсанына дайындық деңгейі, санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкестігі, сондай-ақ ас мәзірінің сапасы мен құрамы жан-жақты қарастырылды.
Тексеру нәтижесінде асхана жұмысы белгіленген талаптарға толық сәйкес келетіні анықталды. Ас дайындау, сақтау және тарату процесінде санитарлық нормалар сақталған. Ұсынылған ас мәзірі балалардың жас ерекшеліктеріне сай, құнарлы және теңгерімді.
Ешқандай шағым немесе ескерту тіркелмеді. Асхана жұмысы қанағаттанарлық деп бағаланды. Оқушылардың денсаулығы мен қауіпсіз тамақтануы – басты назарда!
Әлеуметтік педагог: Ахметжанова К.А







