Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Бейімбет Майлин ауданы білім бөлімінің
№ 2 Тобыл жалпы білім беретін мектебі» КММ
КГУ «Тобольская общеобразовательная школа №2 отдела образования района Беимбета Майлина» Управления образования акимата Костанайской области
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Бейімбет Майлин ауданы білім бөлімінің
№ 2 Тобыл жалпы білім беретін мектебі» КММ
КГУ «Тобольская общеобразовательная школа №2 отдела образования района Беимбета Майлина» Управления образования акимата Костанайской области
Рудный қаласының Бейімбет Майлин атындағы №7 мектеп-гимназиясы базасында Бейімбет Майлиннің 130 жылдығына орай ұлы жазушының шығармашылығына бойлау мақсатында ұйымдастырылған “Бейімбет оқулары” өңірлік байқауының қорытындысы шықты. Мектебіміздің 11-сынып оқушысы Алтай Айзере байқаудың жеңімпазы атанып, жүлделі ІІІ дәрежелі дипломмен және Apple IPad бағалы сыйлығына ие болды. Шығар шыңдарыңыз, бағындырар биіктеріңіз, алар асуларыңыз көп болсын Жетекшісі: Назарбаева Ж.Е Құттықтаймыз!!!
8 қараша күні Қостанай қаласының N18 мектеп-гимназия базасында 2-7 сынып оқушыларының «Зерде» республикалық зерттеу жұмыстарының облыстық кезеңі өтті.
✅Конкурстың мақсаты: балаларда зерттеу қызметінің дағдыларын дамыту, кіші және орта жастағы оқушылардың зияткерлік-шығармашылық әлеуетін ынталандыру.
Аудан намысын мектебіміздің 5-сынып оқушысы Алимқызы Ақбота, 4-сынып оқушысы Назарбаева Дияна қатысты. Нәтижесінде, 4-сынып оқушысы Назарбаева Д 3 орын иеленді. Диананы әділ-қазы мүшелері ерекше мақтап, жұмысын алға дамыта беруіне тілектестік білдірген. Жетекшісі, биология пәнінің мұғалімі Алиева Г.Р Алимқызы Ақбота қатысқаны үшін сертификатпен марапатталды. Жетекшісі, қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәнінің мұғалімі Алькеева А.Ж
Бүгін, 17 қазан күні Бейімбет Майлин ауданы білім бөлімінің С.Ерғалиев атындағы жалпы білім беретін мектебінің базасында 2-7 сынып оқушыларының “Зерде” республикалық зерттеу жұмыстарының аудандық кезеңі өтті.
Конкурстың мақсаты: балаларда зерттеу қызметінің дағдыларын дамыту, кіші және орта жастағы оқушылардың зияткерлік-шығармашылық әлеуетін ынталандыру.
Мектебіміздің жүлдегерлері: Алимқызы Ақбота - 1 орын Назарбаева Дияна - 1 орын Алимұлы Ақжол - 2 орын Құттықтаймыз! Алар асуларыңыз көп болсын!
19 қыркүйек ауданымызда ұйымдастырылған «Папа,мама,я - туристская семья» атты байқауды «үздік аспаз» және жалпы топ бойынша алға шығып, қанжығамызға 1 орынды мектебіміздің ата-анасы және 8 сынып оқушысы Байғабыл Айдын «Сұңқар» тобы болып қатысып үздіктер қатарынан көрінді. Бірмағамбетов отбасын шын жүректен құттықтаймыз! 💐🔥
28 тамыз күні Бейімбет Майлин ауданының «Жаңа заманауи жағдайда білім берудегі цифрлық UPGRADE» тақырыбында білім беру қызметкерлерінің тамыз кеңесі өтті. Онда 2023-2024 оқу жылындағы білім беру жүйесі жұмысының қорытындысы айтылып, болашаққа арналған мақсаттар мен міндеттер айқындалды.Мектебіміз балалардың жазғы демалысын және жұмыспен қамтылуын үздік,сапалы ұйымдастырғаны үшін 830 000 теңге сомасында сертификатпен марапатталды. Мектеп ұжымына адал еңбегі, кәсібилігі мен ерекше жауапкершілігі үшін алғыс айтамыз. Баршаңызға жаңа оқу жылы құтты болсын!Табыс,күш-қайрат, сәттілік тілейміз!