Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Бейімбет Майлин ауданы білім бөлімінің
№ 2 Тобыл жалпы білім беретін мектебі» КММ
КГУ «Тобольская общеобразовательная школа №2 отдела образования района Беимбета Майлина» Управления образования акимата Костанайской области
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Бейімбет Майлин ауданы білім бөлімінің
№ 2 Тобыл жалпы білім беретін мектебі» КММ
КГУ «Тобольская общеобразовательная школа №2 отдела образования района Беимбета Майлина» Управления образования акимата Костанайской области
🎒 Білім беру басшылығындағы бір күн: оқушылар ҚР Оқу-ағарту министрлігінде экскурсияда болды
⚡️ Бүгін ҚР Оқу-ағарту министрлігінде ерекше кездесу өтті. Министр Ғани Бейсембаев дарынды мектеп оқушыларын – халықаралық және республикалық олимпиадалардың жеңімпаздарын, оқу озаттарын, белсенділер мен өмірлік қиын жағдайларда батылдық танытқан жас өрендерді қабылдады.
✍🏻 Кездесу Мемлекет басшысының тапсырмасымен жарияланған «Қазақстан балалары» онкүндігі аясында өтіп жатқан «Бала үні» күніне арналды.
🔎 Министрлік ғимаратында өткен жылы әрі бейресми кездесуде оқушылар министрге оның балалық шағы, мектептегі жылдары, сүйікті кітаптары мен мамандықты қалай таңдағаны жайында сұрақтар қойып, бала үнінің естілуінің білім беру жүйесіндегі маңызы туралы пікір алмасты. Сондай-ақ мектеп өмірін жақсарту, таланттарды тану, қауіпсіздік шараларын күшейту, өзін-өзі дамыту мен балаларды қолдауға бағытталған ой-пікірлер талқыланды.
«Бүгін мен мемлекет тарапынан қолдау мен қамқорлықты шын сезіндім. Бұл мені жақсы оқуға, биік жетістіктерге ұмтылып, туған халқым үшін пайдалы болуға ынталандырады», – деп өз әсерімен бөлісті Астана қ. әкімдігінің Райымбек батыр атындағы №50 «Қазғарыш» мектеп-лицейінің 7-ші сынып оқушысы Тимур Пак.
✨ Кездесудің ерекше сәті – оқушылар министр орындығына отырып, өздерінің алғашқы сабақ өткізу форматтарын жаңарту, оқушылардың белсенділігін арттыру сынды «шешімдерін» ұсынуы болды. Бұл онкүндіктің басты идеясы – баланың қоғамдағы толыққанды диалог иесі екенін айқын көрсетті.
«Біз сіздердің болашақтарыңыз жарқын болуы үшін жұмыс істейміз. Білім беру саласындағы әрбір бастаманы қолға аларда ең алдымен балалардың не ойлайтынын, не сезінетінін және не ұсынатынын ұғыну керек», – деді министр.
👦🏻 Кездесуден кейін балалар министрлік бөлімдерінің жұмысымен танысып, еліміздің білім беру жүйесіне қатысты шешімдердің қалай қабылданатынын өз көздерімен көрді.
👏🏻 Сондай-ақ Ғани Бейсембаев оқушыларды оқу жылының аяқталуымен және Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтап, естелік сыйлықтар табыстады. Әр оқушыға шынайылығы мен белсенді ұстанымы үшін алғыс айтты. Министрмен естелікке фотоға түсу – бұл күннің балалар үшін маңыздылығын айқындаған әсерлі сәттердің бірі болды.
⚖️ Қазақстанда балалардың құқықтық жағынан қорғалуы 90%-ға жетті — Балалар әл-ауқаты индексінің аралық қорытындылары
✔️ «Қазақстан балалары» онкүндігі аясында Оқу-ағарту министрлігі 2024 жылға арналған Балалар әл-ауқаты индексінің алдын ала қорытындыларын шығаруда.
📊 Биыл ерекше назар аударылған басты бағыттардың бірі — балалардың құқықтық жағынан қорғалу деңгейі болды. Жинақталған деректерге сәйкес, бұл көрсеткіш 90%-ға жетіп, өткен жылмен салыстырғанда тұрақты оң динамиканы көрсетіп отыр.
📈 Көрсеткіштің өсуі алдын алу және ақпараттық түсіндіру шараларының артуымен байланысты. Атап айтқанда, 2024 жылдың басынан еліміздің барлық мектептерінде балалардың құқықтық сауаттылығын арттыру, құқықтық диалог мәдениетін дамыту және құқықтарды қорғау жүйесіне сенімдерін нығайту мақсатында «Мен өз құқығымды білемін» ақпараттық айдары іске қосылды.
🔎 Әлеуметтік зерттеулер нәтижесінде оқушылардың басым бөлігі өз құқықтарын білетінін және олар бұзылған жағдайда қайда жүгіну керектігін жақсы түсінетінін көрсеткен.
✍🏻 Балалар әл-ауқаты индексі Мемлекет басшысының тапсырмасымен үш жыл бұрын енгізілген және елдегі бала жағдайын бағалаудың стратегиялық құралы болып табылады. Бұл құрал жағдайды ел бойынша ғана емес, өңірлік деңгейде де саралауға, сондай-ақ ұлттық деректерді халықаралық стандарттармен салыстыруға мүмкіндік береді.
🔹 Индекстің әдістемесі 56 индикатор бойынша төрт бағыт бойынша жүргізіледі: «Бала», «Отбасы және қоғам», «Мемлекеттік саясат» және «Елдің әл-ауқаты». Олар денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қолдау, дамуға жағдай жасау және бала тәрбиелеп отырған отбасылардың жалпы өмір сүру деңгейі сияқты негізгі салаларды қамтиды.
📌 Бала құқықтары мен мүдделерін қорғау жұмысы —мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі.