Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Бейімбет Майлин ауданы білім бөлімінің
№ 2 Тобыл жалпы білім беретін мектебі» КММ
КГУ «Тобольская общеобразовательная школа №2 отдела образования района Беимбета Майлина» Управления образования акимата Костанайской области
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Бейімбет Майлин ауданы білім бөлімінің
№ 2 Тобыл жалпы білім беретін мектебі» КММ
КГУ «Тобольская общеобразовательная школа №2 отдела образования района Беимбета Майлина» Управления образования акимата Костанайской области
Бүгін, 17 қазан күні Бейімбет Майлин ауданы білім бөлімінің С.Ерғалиев атындағы жалпы білім беретін мектебінің базасында 2-7 сынып оқушыларының “Зерде” республикалық зерттеу жұмыстарының аудандық кезеңі өтті.
Конкурстың мақсаты: балаларда зерттеу қызметінің дағдыларын дамыту, кіші және орта жастағы оқушылардың зияткерлік-шығармашылық әлеуетін ынталандыру.
Мектебіміздің жүлдегерлері: Алимқызы Ақбота - 1 орын Назарбаева Дияна - 1 орын Алимұлы Ақжол - 2 орын Құттықтаймыз! Алар асуларыңыз көп болсын!
19 қыркүйек ауданымызда ұйымдастырылған «Папа,мама,я - туристская семья» атты байқауды «үздік аспаз» және жалпы топ бойынша алға шығып, қанжығамызға 1 орынды мектебіміздің ата-анасы және 8 сынып оқушысы Байғабыл Айдын «Сұңқар» тобы болып қатысып үздіктер қатарынан көрінді. Бірмағамбетов отбасын шын жүректен құттықтаймыз! 💐🔥
28 тамыз күні Бейімбет Майлин ауданының «Жаңа заманауи жағдайда білім берудегі цифрлық UPGRADE» тақырыбында білім беру қызметкерлерінің тамыз кеңесі өтті. Онда 2023-2024 оқу жылындағы білім беру жүйесі жұмысының қорытындысы айтылып, болашаққа арналған мақсаттар мен міндеттер айқындалды.Мектебіміз балалардың жазғы демалысын және жұмыспен қамтылуын үздік,сапалы ұйымдастырғаны үшін 830 000 теңге сомасында сертификатпен марапатталды. Мектеп ұжымына адал еңбегі, кәсібилігі мен ерекше жауапкершілігі үшін алғыс айтамыз. Баршаңызға жаңа оқу жылы құтты болсын!Табыс,күш-қайрат, сәттілік тілейміз!
📆 Мұғалімдердің еңбек демалысы: Оқу-ағарту министрлігі заңнамалық база туралы ақпараттандырды
👩🏻🏫 Педагогтер үшін ең маңызды әлеуметтік кепілдіктердің бірі - жыл сайынғы ақылы еңбек демалысына шығу уақытының ұзақтығын белгілеу. Оның ұзақтығы барлық педагог үшін 56 күнтізбелік күнді құрайды, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі.
📎 Педагогтерге жыл сайынғы ақылы еңбек демалысының 2 түрі беріледі: негізгі және қосымша.
📂 Қосымша демалыс экологиялық қолайсыз және радиациялық қаупі бар аумақтарда тұратын педагогтер үшін қарастырылған. Оның ішінде экологиялық қолайсыз аумақтарда тұратын педагогтер үшін қосымша демалыстың ұзақтығы 7 күннен 12 күнге дейінгі, ал радиациялық қауiптi аумақтарда тұратын педагогтер үшін 5 күннен 14 күнге дейінгі мерзімді құрайды. Демалыс уақытына түскен мереке күндері еңбек демалысына кірмейді. Еңбек демалысын беру кезінде нақты жұмыс істеген уақыт қана есепке алынады.
«Еңбек демалысын беру кезінде сауықтыруға арналған жәрдемақы лауазымдық жалақы мөлшерінде төленеді. Сауықтыру жәрдемақысының мөлшерін есептеу педагогтің демалыс берілген күнгі нақты жүктемесін ескере отырып, лауазымдық ақы мөлшерінде жүргізіледі, мұнда қосымша ақылар мен үстемеақылар есептелмейді», - дейді Бюджеттік жоспарлау департаментінің Еңбекақы төлеу әдіснамасы басқармасы басшысы Гүлайым Тоқпанова.
📌 Педагог қосымша жұмысты немесе уақытша болмаған қызметкердің міндеттерін өзінің негізгі жұмысынан босатылмай орындаған жағдайда бұл лауазымдарды қатар атқару болып табылады. Бұл жағдайда сауықтыруға арналған жәрдемақы педагогке негізгі лауазымы бойынша ғана төленеді. Егер педагог қосымша жұмысты лауазымдарды қоса атқару туралы жеке еңбек шарты бойынша негізгі жұмыстан бос уақытында атқарса, сауықтыруға арналған жәрдемақы негізгі жұмыс үшін де, қосымша жұмыс үшін де бөлек төленуі тиіс.