Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Бейімбет Майлин ауданы білім бөлімінің
№ 2 Тобыл жалпы білім беретін мектебі» КММ
КГУ «Тобольская общеобразовательная школа №2 отдела образования района Беимбета Майлина» Управления образования акимата Костанайской области
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Бейімбет Майлин ауданы білім бөлімінің
№ 2 Тобыл жалпы білім беретін мектебі» КММ
КГУ «Тобольская общеобразовательная школа №2 отдела образования района Беимбета Майлина» Управления образования акимата Костанайской области
🎒 Қазақстандық оқушылар көктемгі каникулда неше күн демалады?
📆 Үшінші тоқсанның аяқталуына санаулы күндер қалды. Көктемгі каникул кезеңі 2025 жылдың 21-наурызы мен 2025 жылдың 31-наурызын қоса алғанда он бір күнге жалғасады. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды.
🏫 Мектеп оқушыларының көктемгі демалыстағы бос уақытын тиімді өткізу және жеке тұлғалық қасиеттерін дамыту мақсатында «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында іс-шаралар жоспары жасалды. Сондай-ақ 1-4, 5-9 және 10-11 сынып оқушыларына арналған гайдбук әзірленді. Онда әр демалыс күні Наурызнаманың онкүндігімен байланысты және қоғамның маңызды аспектілеріне: отбасылық құндылықтарға, мәдениетке, ұлттық дәстүрлерге, қайырымдылыққа, спортқа мән берілді. Ол бойынша мектептерде бірқатар білім беру, спорттық, мәдени және шығармашылық іс-шаралар өткізу жоспарланған:
* театр фестивальдері мен қойылымдары; * шеберлік сабақтары; * қауіпсіздік сабақтары; * мұражайларға, ғылыми орталықтарға және тарихи ескерткіштерге танымдық экскурсиялар; * спорттық ойындар; * қайырымдылық акциялары және басқа да шаралар.
🔺 Ең бастысы - балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Осы мақсатта ата-аналармен бірге жол-көлік жарақаттарының алдын алуға, мектептің ішкі тәртібін сақтауға, балалардың көшедегі қауіпсіздігіне, үйдегі өрт қауіпсіздігі және киберқауіпсіздікке ерекше назар аударылады.
✔️ Айта кетейік, бұл іс-шаралар білім беру ұйымдарына әдістемелік ұсыным ретінде жолданады.
: 👩🏻🏫 Педагогтердің айлық жалақысы соңғы бес жылда қалай өсті?
🏫 Қазақстанда 8 мыңға жуық орта білім беру ұйымында 400 мыңға жуық педагог жұмыс істейді. ҚР Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, олардың 300 мыңға жуығы аттестация қорытындысы бойынша біліктілік санаттары үшін үстемеақы алады.
💰 2020 жылдан бастап Президент тапсырмасына сәйкес, педагогтердің айлық еңбекақысы 100%-ға өсті. Сондай-ақ 2023 жылдың қыркуйегінен бастап мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының тәрбиешілерінің жалақысы 30%-ға артты. Ал техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына кәсіпорындардан тартылған мамандарға 30-35 % көлемінде үстемеақы қосылды.
📊 Осылайша, түрлі санаттарының болуына байланысты педагогтерге келесідей үстемеақы төленеді: * Педагог-шебер – 50% * Педагог-зерттеуші – 40% * Педагог-сарапшы – 35% * Педагог-модератор – 30%
❗️ Ауыл мұғалімдеріне ерекше көңіл бөлінуде – олардың жалақысы қалалық әріптестеріне қарағанда, кемінде 25%-ға жоғары.
🔹 2024 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанда мұғалімнің орташа айлық жалақысы 1 мөлшерлеме үшін (16 сағат) 352 мың теңге, ал ауыл мұғалімдері үшін 435 мың теңгені құрады. Бұл ретте Ұлттық білім беру деректер базасының мәліметінше, еліміздің педагогтерінің жартысы 1,5 мөлшерлемемен (24 сағат) жұмыс жасап, айына орташа 581 мың теңге жалақы алады.
⚡️ Сонымен қатар, Қазақстан білім беру ісіндегі жетістіктері, олимпиада жүлдегерлерін дайындағаны және мемлекеттік наградаға ие болғаны үшін ақшалай сыйақымен марапаттауды үрдіске айналдырған санаулы елдердің бірі. 2023 жылы 89 педагог мемлекеттік сыйақының лауреаты атанды, сыйақы көлемі 3,6 млн теңгені (1000 АЕК) құрады. Марапатталушылардың арасында – Еңбек ерлері, Қазақстанның еңбек сіңірген ұстаздары, «Үздік педагог» байқауының жеңімпаздары бар.
✔️ Осылайша, соңғы бес жылда Қазақстан айлық жалақының өсуін ғана емес, үстемеақы төлеу және ынталандыру жүйесін қамтамасыз ету арқылы педагогтердің мәртебесі мен қаржылық әлеуетін көтеру бағытында маңызды бастамаларды жүзеге асырды.